«Кітапхана ашық аспан астында»

«Ашық аспан астындағы кітапхана»

Жобаның мақсаты — кітапхана мен оның оқырмандары  арасындағы байланысты нығайту, отбасылық оқуды жандандыру үшін қолайлы жағдай жасау және қала тұрғындарының демалысын мазмұнды ету. Оның барлық жұмысы кітап пен оқуды насихаттауға бағытталған.

Міндеттері: кітап пен оқуға деген қоғамдық қызығушылықты арттыру; кітапханаға жаңа оқырмандар тарту; отбасылық демалыс пен халықтың оқуы үшін қолайлы мүмкіндік жасау.

 «Халық өнері – асыл қазына»

16 тамыз күні «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің көпшілік кітапханаларының ұйымдастыруымен «Халық өнері – асыл қазына» атты көрме-sity шарасы өткізілді.

«Абайды оқы, таңырқа…»

2 тамыз күні с. 11.00-де №2, №3 балалар кітапханалары Орталық  қалалық кітапханасының ауласында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында және 10 тамыз -Абай күніне орай » Абайды оқы, таңырқа…» атты әдеби сағатын өткізді.

«Дала елінің әуендері»

19 шілде күні Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында «Дала елінің әуендері» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

«Мен сенімен мақтанамын, Астана!»

5 шілде күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында N27, 28, 15 орта мектептердің мектеп жанындағы  лагерь оқушылары мен «Альрами» клуб үйінің мүшелері үшін Астана  күні мерекесіне арналған «Мен сенімен мақтанамын, Астана!» атты поэзия сағатын өткізді.

«Жүрегіме жақын жырлар»

21 маусымда Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің көпшілік кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ашық аспан астындағы кітапхана»  жобасы аясында «Жүрегіме жақын жырлар» атты поэзияға арналған әр түрлі жастағы адамдардың басын қосқан   бағдарлама өтті.

 

«Спорт – менің өмірім»

2023 жылдың 14 маусымында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында №4 және №8 балалар кітапханасының кітапханашылары қала мектептерінің жазғы лагердің  балаларына арналған «Спорт – менің өмірім» атты сайыс ойын бағдарламасын өткізді.

«Халық өнері – асыл қазына» атты өнер-city шарасы

30 мамыр күні «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  көпшілік кітапханаларының ұйымдастыруымен «Халық өнері – асыл қазына» атты өнер-sity шарасы өткізілді.

 

 «Өнер құдіреті — мәңгілік»

24 мамыр күні Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің көпшілік кітапханаларының ұйымдастыруымен, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы  аясында «Өнер құдіреті — мәңгілік» атты  фестиваль болып өтті.

 «Оқы. Ойна. Ойла» атты ойын-сайыс бағдарламасы

17 мамыр Павлодар қаласының № 2, № 3 балалар кітапханаларының қызметкерлері «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында Орталық қалалық кітапхананың алаңында «Оқы. Ойна. Ойла» атты ойын-сайыс бағдарламасын өткізді.

 

Қазақстан халқының бірлігі күні

27 сәуір күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында Орталық қалалық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі күніне іс-шара өткізді.

 

«Жер жаннаты — Сарыарқа»

5 сәуірден бастап орталықтаңдырылған кітапханалар жүйесі «Кітапхана ашық аспан астында» өз жұмысын бастады және осы жұмысын әрі қарай жалғастырады. Осыған орай Орталық қалалық кітапханасында Павлодар облысының құрылғанына 85 жыл толуына байланысты «Жер жаннаты — Сарыарқа» атты әдеби-өлкетану алаңы өтті.

 

 

 

Комментарии запрещены.