«Өлкенің мәдениеті мен әдебиеті»

«Өлкенің мәдениеті мен әдебиеті» бойынша шс-шаралар

Тұғыры биік тау тұлға

Академик, профессор, геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың таңдаған мамандығы кен барлаушы, геолог болса да осы оқу, қызметте жүру оны өнер мен әдебиеттен ешқашан алыстатқан емес.
Жер қойнындағы кен барлау жұмысын бұрынғы тарихпен байланыстырып, ежелгі қазба орындарын, жер астындағы қирап кеткен, көмілген мекендердің археологиялық жағдайы туралы да мақалалар жазады.

«Ардагер ғұмыры — өнеге»

15 шілдеде өлкетанушы Б.М.Хазыровтың 95 жылдығына орай «Ардагер ғұмыры — өнеге» тарих сағатын жариялады. Кітапханашылар бейне түрінде басылымда Б.М.Хазыровтың өмірінен алынған фотосуреттер мен құжаттарды көрсетті.

«Баян деген»

Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапхана 29 наурыз күні «Өлке әдебиеті мен мәдениеті» жобасы аясындағы «Тұлға» айдары бойынша өлкеміздің белгілі ақыны, ардагер ұстаз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар облысының және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, Ы. Алтынсарин және С. Торайғыров атындағы төсбелгілерінің иегері Зекебай Сұлтанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді. Ақынның кітаптарын насихаттап, «Баян деген» өлеңінен үзінді берілді.

 

Комментарии запрещены.