Бір ел — бір кітап

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен, Қазақстанда 2007 жылдан бастап «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты — қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына ықпал ету.

«Бір ел – бір кітап — 2022» — Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналған.

«Бір ел – бір кітап — 2021». «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» 

«Бір ел – бір кітап — 2020».  Жыл кітаптары: М. Әуезовтың «Абай жолы» романы, Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы.

«Бір ел – бір кітап — 2019». Жыл кітаптары: Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы, ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері.

«Бір ел – бір кітап — 2018». Жыл кітаптары: Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық».

«Бір ел – бір кітап — 2017». Жыл кітабы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары.

«Бір ел – бір кітап — 2016». Жыл кітабы: Дулат Бабатайұлының «Өсиет-нама».

«Бір ел – бір кітап — 2015». Жыл кітабы: Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері»

«Бір ел – бір кітап — 2014». Жыл кітабы: Сайын Мұратбековтың “Басында Үшқараның” және “Жусан иісі”.

«Бір ел – бір кітап — 2013». Жыл кітабы: Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағы.

Бір ел – бір кітап — 2012». Жыл кітабы: Оралхан Бөкейдің шығармалары.

Бір ел – бір кітап — 2011». Жыл кітабы:  Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.

Бір ел – бір кітап — 2010». Жыл кітабы: Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы.

Бір ел – бір кітап — 2009». Жыл кітабы: Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері.

Бір ел – бір кітап — 2009». Жыл кітабы: Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман».

Бір ел – бір кітап — 2009». Жыл кітабы: Абай «Қара сөздері».

Ұлттық академиялық кітапханасы адамның тұлға болуы мен қалыптасуында маңызды функцияны орындайтынын, кітап оқудың адамға көп қырлы және белсенді әсер ететінін ескеріп, қоғам дамуының басымдылықтарының бірі ретінде кітап оқуды қолдауды қарастыра отырып, Қазақстанда жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыруды ұсынған болатын.

Акцияның мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау, рухани мұраны сақтауға, отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады.

Міндеттері:

  • ұлттық әдебиетке деген оқырмандардың қызығушылықтарын қолдау және дамыту;
  • кітап оқу проблемаларына ғалымдардың, мамандардың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің назарын аударту;
  • әлеуетті оқырмандарды тарту;
  • баспахана ұйымдарының қазақстандық авторлардың кітаптарын шығаруға қызығушылықтарын арттыру;
  • әлемдік әдеби үдерісте қазақстандық авторлардың шоғырлануы.

Акцияның мазмұны: бүкіл ел болып бір уақытта бір кітапты оқып шығу және талқылау, осы кітапқа арналған түрлі шараларды өткізу.

Акцияны өткізу үшін кітапты таңдау азаматтардың қалауларын анықтау жолымен, мекемелерде, ұйымдарда, оқу орындарында сауалнамаларды жүргізу арқылы, телефон арқылы сұрау, ауызша сұрау арқылы жүргізіледі.

Акция кезінде іс-шара өткізу формасы әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сынып сағаттары, әдеби кештер, талқылаулар, кітап бойынша фильмдерді тамашалау және талқылау, жазушылармен, әртістермен кездесу кештері, телемарафондар, клуб отырыстары, қойылымдар.

Комментарии запрещены.