Балалар кітапханасы №2

Құрылған жылы: 1966

Телефон: 52-68-08

Құрылымы: абонемент, оқу залы

Посмотреть на карте Павлодара

Тарих беттерінен:

№ 2 балалар кітапханасы 1966 жылы ашылды. Көп жыл бойы Фрунзе көшесіндегі кеме жөндейтін зауыттың жатақханасында орналасты. Алғашқыда кітапхананың кітап қоры 6760 дана кітап құрды. Бірінші жылы 727 оқырман жазылды. Оларға 11966 дана кітап және мерзімді басылымдар берілді. Кітапхана қызметкерлері Е. В. Калинина, Г. Ахметова №22 мектеп, №4 интернат оқушыларына қызықты іс-шаралар өткізді.

1994 жылы кітапхана Усолка шағын ауданында орналасқан балабақша ғимаратына көшті. Балабақшаның бірінші қабатында орналасқан көркемсурет мектебі, №42 мектеп, №126 балабақшасымен тығыз байланыс қалыптасады. Көркемсурет мектебінің оқытушысы, Павлодар қаласының белгілі суретшісі Мазина Ю. И. қолдауымен кітапханада «Шығармашылық мекені» клубы өз жұмысын жасайды. Клубтың отырыстарында «Жан дүниенің және әлем сұлулығының үндестігі»; «Марина Цветаеваның шығармашылығы»; «Қолөнер» т. б. тақырыптар талқыланады. Осы жылдары кітапханада С. Б. Малихтарович, З. Н. Горбачева, Т. Г. Аксенова қызмет жасайды. Кітапханада балаларға арналған «Атамекен» клубы жүргізілді.

2002 жылдан бері кітапхананы И. Ю. Чемерис меңгереді. 2007 жылдың 30 желтоқсан күнінен бастап кітапхананың жаңа жиһазбен жабдықталған үлкен, кең ғимараты бар. Жалпы көлемі 88 шаршы метр. Усолка шағын ауданының тұрғындарына қызмет көрсетуге көп мүмкіндік жасалды. Кітапхана өз жұмысын Усолка шағын ауданының ардагерлер кеңесімен, Усолка шағын ауданының әкімшілік аппаратымен үйлестіреді.

Мақсатты бағдарламалар:

Кітапхана келесі мақсатты кешенді бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізді:


«Ертегі –жалған, астары – тұспал…»

Мақсаты: ауыз халық әдебиетің насихаттау.

Міндеттері: балалардың ой-өрісін, эстетикалық сезімін нығайту; Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру; өзге ұлттарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Серіктестеріміз: №25, №42 ЖОМ ұстаздары, №5, №126 б/б, «Жас Толқын» БЖК.


«Спортқа қадамың»

Мақсаты: балаларды спорт әлеміне тарту.

Міндеттері: спорттың әр түріне арналған әдебиетті насихаттау.

Серіктестеріміз: «Тарлан» БЖК ұстаздары және жаттықтырушылары.


«Ұлтымыз әртүрлі-Отанымыз бір»

Мақсаты: патриоттық тәрбие, Қазақстан халқының мәдениетің насихаттау.

Міндеттері: Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, тілі, дінімен балаларды таныстыру.

Серіктестеріміз: №25, №42 ЖОМ ұстаздары, №5, №126 б/б, «Жас Толқын» БЖК.

 2 

Комментарии запрещены.