Сирек кітаптар мен қолжазбалар жинақтары белгілі бір тарихи кезеңдегі елдің экономикалық және мәдени дамуын көрсетеді. Олар тарихи оқиғалардың құжаттық дәлелі ретінде қызмет етеді, әлемнің қалай өзгергенін көруге мүмкіндік береді. Сондықтан сирек кездесетін кітаптарға Отан тарихын бейнелейтін жазба ескерткіштері ретінде қызығушылық өте табиғи.
Жобаның мақсаты — сирек кездесетін кітапты сақтау және насихаттау.
Міндеттері:
— «Сирек кітап» қорын жинақтау
— «Сирек кітап» қорын сақтауды ұйымдастыру
— әр түрлі белгілер бойынша кітап жинақтарын безендіру
— оқу залы режимінде «Сирек кітап» қорына пайдаланушылардың қол жеткізуін ұйымдастыру
— «Сирек кітап» қорын жарнамалау және насихаттау
— ОҚК қызмет көрсету бөлімінің іс-шараларын өткізу кезінде сирек кездесетін кітаптарды іріктеу..
— ОКЖ сайтында жарияланымдар үшін сирек кітаптар бойынша материалдарды таңдау.
— ОКЖ сайтында видиороликтер жариялауды жалғастыру
— QR- кодтары үшін электрондық сирек кітаптарды ұсыну
20 ақпанда Орталық қалалық кітапхана базасында сирек кітаптар бөлімінің «Көненің көзі» жобасы аясында ОКЖ кітапханалар меңгерушілерінің қатысуымен «Кітапханадағы кітап ескерткіштерімен жұмысты ұйымдастыру: толықтыру, сақтау және насихаттау» атты семинар өткізілді.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:
1) сирек кітаптарды іріктеу критерийлері.
2) сирек кездесетін кітаптармен жұмыс істеу ерекшеліктері
3) құжаттарды орналастыру ережелері
4) пайдаланушыларға қызмет көрсету ережелері
5) сирек қорды танымал ету.
Кітап ескерткіштерімен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері атап өтілді. Семинар қатысушыларына слайдтар мен көрме ұсынылды: «Көненің көзі», сирек кітаптар бөлімінің брошюрасы шығарылды.
Сондай-ақ сирек бөлім қорынан ең қызықты кітаптардың Библиофреші ұйымдастырылды.
Соңында әр қатысушыға сирек кітаптар бөлімінің брошюралары табысталды.