2023 жыл

Остин Джейн

Асқақтық пен адасу

«Асқақтық пен адасу» — ағылшын әдебиетінің шедеврі саналатын туынды. Алғаш рет 1813 жылы жарық көрген роман көпшілікке танылып үлгермеген Джейн Остиннің есімін ең танымал жазушылар қатарына қосты. Басты кейіпкерлер Элизабет Беннет пен Дарси мырзаның романтикалық махаббат хикаясына құрылған шығармада автор XIX ғасырдың басындағы ағылшын қоғамының тұрмысы мен әдет-ғұрпын астарлы ирониямен баяндайды.

Нұрғалымұлы Ұларбек

Сөз тарту

Үш бөлімнен тұратын бұл кітапқа автордың зерттеу, сұхбат, эссе, мақалалары еніп отыр. Бірінші бөлімде «Қазақ детективінің атасы» атанған майдангер жазушы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығын арқау ете отырып кейіпкердің қисапсыз қиындықпен өткен балалығы, соғыс өртіне шарпылған жастық шағы туралы сыр шертеді, оның шығармашылығына талдау жасайды.

Қами Нұрлан

Қыз Данайдың қырғыны 

Жазушы Нұрлан Қамидың бұл жинағына автордың өзі туып-өскен ортасы, еліміздің батыс өлкесіндегі Жылыой өңіріне қатысты хикаяттар енгізілген. Осыдан екі ғасырдай уақыт бұрын өмір сүріп, атақ-даңқы алты алашқа жайылған әйгілі батыр мен ақылына көркі сай айтулы арудың арасындағы жан тебірентерлік махаббат, қос ғашықтың аз ғана күндік қызығын көре алмай, елден қуған ағайынның қатігездігінің астарында жатқан қат-қабат сырлар, халқымыздың сол кзге тән дүниетанымы мен салт-дәстүрінің кейбір қырлары мейлінше шынайы суреттеледі.

Кенжебаева Майра

Балаларға арналған энциклопедия

Бұл кітап балаларды математика курсының негізгі ұғымдары мен терминологиясымен таныстырады. Кітап математикаға қызығушылық танытатын жеткіншектерге өз білімдерін толықтыруға және жүйелеуге мүмкіндіктер береді.

 

Имайо Әсел

Сиқырлы скрипканың ертегілері

«Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын бұл көркем суреттермен безендірілген ғажайып кітапта танымал музыкалық шығармалар бойынша «Арт Мирай» қазақтың музыкалық мұрасын сақтау қорының құрылтайшысы Әсел Имайоның қиялынан туындаған ертегілер берілген. Кітапты алған кішкентай оқырманымыз QR-код көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдау мүмкіндігіне ие болады.

 

Жұматов Ғалымбек

Көңілдің толқын кездері

Кітапқа автордың драма, комедия, шағын әңгімелері еніп отыр. Драма шығармалары еліміздің азаттығы үшін күрескен Алаш азаматтары басынан кешкен оқиғалары, 16 жасынан қазақтың байтақ даласының азаттығы үшін, еркіндігі үшін күрес туын желбіреткен Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қатарынан табылуға ұмтылып, жалындаған жастық шағында қуғын-сүргіннің құрбаны болған алаш азаматының өмірінен прототивтік негізде пайдаланылған.

Жолдыбайұлы Қайрат

Kemel adam

Автор кітапта жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшіліктерін дін  дәлелдер, қазақтың ойшыл зиялылары айтқан түйін һәм кестелі пайымдары, сондай-ақ адамзатқа ортақ құндылықтар арқылы түсіндіруге тырысады. Туындыны оқи отырып, кемел адам дегеніміз: рухани бай, мінезі көркем, білімі терең, байсалды, айналасымен қарым-қатынасы жақсы, дені сау, қаржылай тәуелсіз тұлға екендігіне көз жеткізесіз.

Жандаулет Турсынбай

Творение цифры: Атлантида-Казахия

В научно-фантастическом романе «Творение Цифры: Атлантида-Казахия» писателя-фантаста Турсынбая Жандаулета анализируется влияние Цифровой революции на Земную цивилизацию…

 

Жаубай Ержан

Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері

Қолдарыңызға тиіп отырған халқымыздың асыл қазынасының бір тамшысы – «Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері» жинағы құрастырушының алғашқы еңбегі. Қазақ атауы жылқы ұғымымен біте кеткендігі сондай бұл екі ұғымды бір-біріненибөле қарау мүмкін емес. Бұл көшпенділердің дала философиясын тамыршыдай тап басып көрсетер қысқа да, нұсқа мақалдарды оқи отырып жылқы жануарына қатысты ерекше үш жағдайды түсінуге болады.

Етекбаев Мұхамеджан

Алатау ертегілері

Сайран өзек салқам дала, сандал тау сахара шөл төрінде қиядан құс қайырып, күн кешкісін керуендетіп қайту қашанда қазақтың қанында бар. Қанда бар қасиет-ғұрыпты біз қаншалықты сақтап келеміз, қаншалықты насихаттап, ұрпаққа ұғындырып келеміз. Әсіресе, қолдан ұшырар қыран құстың қасиетін қаншалықты танып білдік екен? Міне, осы бір тектес жұмбақ-сауалдар турасында М. Етекбаевтың «Алатау ертегілері» ертекті ойдан ес-жадыға сақтар ерен де ерен, салауатты да сауапты жауаптар береді.

 

 

Тренды развития новых демократий: Казахстан и мир

Монография

В монографии исследован зарубежный опыт развития демократических процессов. В частности, изучены классические теории и современные концепции перехода от авторитаризма к гибридным системам государственного управления и далее – к демократии, а также рассмотрены конкретные кейсы ряда европейских, азиатских и латиноамериканских стран. Наряду с этим, проведён комплексный научно-экспертный анализ казахстанского опыта демократического развития, в рамках которого осуществлены замеры общественного мнения и экспертная оценка современных политических реформ.

 

Марғұлан Әлкей Хақанұлы

Олжабай батыр

Кемеңгер ойшыл, әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, филология ғылымдарының докторы, профессор ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның бұл кітабында қазақ-жоңғар соғысының қаһарманы, Абылай ханның туын ұстаған ұлы қолбасшы Олжабай батыр Толыбайұлы туралы материалдар қамтылған.

 

Құлекеев Жақсыбек

Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес

2022 жылдың қаңтарын қазақ халқы ешқашан ұмытпайтын хақ. Жыл басында елімізде орын алған қасіретті оқиға басқаша аяқталғанда қандай мемлекетте өмір сүріп жататынымызды дәл бүгін көзге елестетудің өзі қиын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың табанды позициясы ғана халықты тағы бір зауалдан құтқарып қалғаны – қазір басы ашық ақиқат.

 

 

Султанмахмут Торайгыров

Избранное

Султанмахмут Торайгыров – известный казахский поэт-демократ начала ХХ века. В творчестве поэта нашли яркое выражение интересы и устремления передовой части казахского общества. В своих стихах и поэмах Султанмахмут резко выступал против произвола и жестокости, сатирически изобличая старое, косное в социальных отношениях, в быту и семейной жизни, клеймил отсталость и невежество. Для произведений С. Торайгырова характерны напряжённые раздумья о смысле жизни, глубокая вера в творческие силы человека.

 

Дарын

Мемлекеттік Жастар Сыйлығы

Бұл – Қазақстан Республикасының Үкіметінің дарынды жастарға берілетін мемлекеттік сыйлығы. Ол 1992 жылы бастап, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени қызметтерімен халыққа танылған, дарынды жастарға 2 жылда бір рет берілген. 2004 жылдан бастап, арнайы номинациялар бойынша және 2016 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді. Мақсаты – қазақстандық жастардың ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметіне олардың мүмкіндіктерін ашу. Тәуелсіз ел болғалы 30 жылдың ішінде қаншама дарынды жастар осы сыйлықтың иегері атанды.

 

Мемориялдық кешендер Т. 1

Asyl Mura

Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl мurа» жалпыұлттық жобасын іске асыру» аясында құрастырылған «ASYL MURA: Мемориалдың кешендер» энциклопедиялық анықтамалығының бірінші томында Республикамыздың барлық өңіріндегі мемориалдық кешендер туралы ақпараттар қамтылған.

 

Бөпежанова Әлия Қахарманқызы.

Еділ қаған

Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби, Ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының лауреаты Әлия Бөпежанова көркем аударма саласында, оның ішінде драмаьургия жанрында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірнеше көркем аудармасы қара шаңырақ – М. Әуезов атындағы Ұлттық драма театр сахнасында қойылған аудармашының осы жанрдағы алғашқы жеке жинағына әлемдік драматургия жауһарларынан Е. Замятина, У. Шекспир, А. Чехов т. б. Авторлары пьесалары топтастырылған.

Әлем халықтарының ертегілері

«Әлем халықтарының ертегілері» — біздің балаларымыз үшін ауыз айтып жеткізе алмас ғажайып бір сыйлық. Өйткені бұл кітапқа автордың тәжімалауымен ең таңдаулы ертегілер енгізіліп отыр. Әлем халықтарының әдеби қазынасынан сыр шертетін туындының бүлдіршіндерді ғана қуантып қоймай, ересектер үшін де рухани азық болары сөзсіз. Адамзаттың асыл мұрасы болып табылатын ертегілердің оқырманға берер тәрбиелік әрі көркемдік-эстетикалық мәні де орасан зор. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Қазақстан халықтарының ертегілері

Ертегі — қандай да бір халық ауыз әдебиетінің аса шұрайлы, тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор, өскелең ұрпақты өз елі мен ұлтының тарих-тағлымы, салт-санасы, дәстүр-ұлағатына етене жақын баурай түсетін ерекше жанр. Егеменді елімізде бір ананың егіз емген балапандарындай өркендеп өсіп келе жатқан әрбір ұлт пен ұлыстың өскелең ұрпақтары да өзара етене жақын өсулері үшін осы бір тәлімді тәмсілдерден сусындап, бір-бірінің тарихы мен тағлымын, салты мен дәстүрін осы ертегілерден оқып, тұшына білгені абзал.

Қайыркен Тұрсынхан Закенұлы

Қытай қазақ тарихнамасындағы қазақ тарихы
Қытай — тарихнамалық дәстүрі ертеден қалыптасқан ел. Қытай деректерінде қазақ халқының арғы-бергі тарихы туралы мол мәліметтер қамтылған. Сол себепті, Қытай ғалымдары ертеден-ақ Қазақ тарихына қызығушылық танытып келеді.

Мәжитов Марат Кәрімұлы.

Соңғы нүкте

Романда Батыс өңіріне кеңінен танымал атышулы банды атанған Құныскерей Қожахмет баласының Түркімен еліндегі өмір жолы тарихи деректерге сүйене отырып, дәлме-дәл суреттеледі. Қым-қиғаш тартысқа құрылған шығарма сюжеті күрделі оқиғаларды тізбектеп, өлім мен өмір арасындағы қанды айқастарға әкеп соқтырған небір арпалыстарды сөз етеді.

Михайлюкова Зинаида Кузьминична.

Дети с глубокими нарушениями зрения

В книге З.К.Михайлюковой, тифлопедагога, кандидата педагогических наук, отличника просвещения РК освещаются актуальные вопросы развития, обучения, воспитания детей с глубокими нарушениями зрения. Заинтересованные читатели найдут в этой книге полезные для себя сведения о детях с патологией зрения, путях и средствах их воспитания и обучения. Книга будет полезна работникам массовых школ, а также психологам и медицинским работникам, имеющим дело с широким детским контингентом.

Сейдахмет Ернұр.

Жалқау құмырсқа

Кітапта балаларға арналған өлеңдер мен аудармалар бар. Қолыңызға тиіп отырған «Жалқау құмырсқа» кітабы өзінің шебер жазылуымен кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық. Тілі жатық, ойы ұшқыр, тәлім-тәрбиесі мол жинақты әр баланың сүйіп оқитынына сенімдіміз.

Хасан Серікбол.

Күшті бала

Белгілі балалар ақыны, халықаралық «Рух», «Алтын тобылғы», «Ұлы дала», «Дарабоз» байқауларының, балалар әдебиеті аталымы бойынша жеңімпазы Серікбол Хасанның, бұл өлеңдер жинағы — балаларға арналған кезекті кітабы. Бұл өлеңдер жинағын оқыған бала қанаттанып, тәлім алып, бойына қайсар рух жиып, 

Ақерке Асан.

Айша бибі

Жас ақын Ақерке Асанның «Айша бибі» жыр жинағына бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдері топтастырылған. Өлеңдерінің дені жастық, махаббат тақырыптарына құрылғанымен, туған жер, өскен орта алдындағы перзенттік парызын жырларына өрнектей білген автордың бұл жинағы көпшілік оқырманның көңілінен деген ойдамыз.

 

Асилов Н. Т.,  Макипов А. С.

История становления и развития военной подготовки в вузах Казахстана

В научно-популярном сборнике на основе большого круга различной литературы рассматривается история становления и развития системы военной подготовки в гражданских вузах Казахстана. Показывается место и роль гражданских вузов в формировании мобилизационного резерва офицерских кадров на различных исторических этапах развития страны. Выделяются и анализируются актуальные проблемы реформирования подготовки офицеров запаса в условиях формирования нового перспективного облика Вооружённых Сил Республики Казахстан. 

Байтұрсынұлы Ахмет.

Он екі томдық шығармалар жинағы 

Алаш ардагері, әдебиеттанушы ғалым, ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының он екі томдық шығармалар жинағының 10-томына үзеңгілес шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге 1927 жылы жариялаған «Оқу құралы» атты кітабының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында қопарылып, факсимилесі оң қапталына берілді. Хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы, әдебиеті мен қазақ тілі, жағырапия, шаруа-кәсіп, жаратылыстану және т. б. ғылым салалары бойынша мағлұматтар береді.

Бевз Людмила. Таженова Марал.

Досиктің дәуірлерге саяхаты

Ежелгі Павлодар туралы не білеміз? Басында теңіз болды…
Павлодардың палеонтологиясы мен археологиясы алғаш рет ертегі түрінде жазылған. Ежелгі Павлодар туралы ертегі кішкентай павлодарлықтар ертегі кейіпкері – білімқұмар Досикпен бірге тарихқа дейінгі Павлодарды зерттей алуы үшін балалар тілінде жазылған.

Букеевская Орда

В данный том вошли работы В. В. Вельяминова-Зернова: «Исторические известия о Киргиз-Кайсаках и сношениях России со Средней Азией со времён кончины Абул-Хаир хана (1748-1765)»; И. Казанцева: «Описание Киргиз-Кайсаков»; И. С. Иванова: «Джангер, хан Внутренней Киргизской Орда», выпущенная в типографии Н. Л. Рослякова в г. Астрахани в 1985 году; «Внутренняя Киргизская Орда»; М. Я. Киттары «Ставка хана Внутренней Киргизской Орды»; Э. Островского «Поездка во внутреннюю Киргиз-Кайсацкую Орду, с ветеринарной целью»

Жұманова Заря.

Ғажайып орман

Танымал жазушы Заря Жұманова – «Екіге бөлінбейтін келіншек», «Түнгі оттар», «Сіз іздеген әлем», «Ақбота», «Күләйша, Рокфеллер және басқалар», «Запах дождя», т. б. атты прозалық кітаптардың авторы. Оның жаңа кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналған.

Құмар Нұрлан.

Көк байрақтай-көк жейде

Жас жазушы Нұрлан Құмар сонау бір бала кезінен-ақ базарлы балалық шақ туралы қалам тартып, балалар тәрбиесіне, олардың ертеңгі күні үлкен ер-азамат болып қалыптасуына қазақ балалар әдебиеті арқылы айтарлықтай атсалысып келеді. Оның жазған әрбір мөлтек әңгіме-ертегілері ерліктің ерін жастантып, инабаттылықтың иірімдеріне иінтіп, қиял әлемінің құшағында әлдилейді.

Мамырбаева Ділдәр.

Роботтар отбасы

Балаға арнап, бала үшін жазылған шығармалар тек жас өскіндердің ғана емес, оған үлкендер де қызығады. Өздерінің кеше ғана жүріп өткен жолдары. Жазушының әңгімесін әркім әр қырынан қабылдайды. «Роботтар отбасы» — оқырман жүрегімен үндестік табатын кітап. 

Сиқырлы кілт

«Сиқырлы кілтте» — жер бетіндегі түрлі ұлттардың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, т. б. ой-қиялы арқылы тартымды бейнеленген. Сондай-ақ ортақ сюжетке құрылған, яғни барлық халықтарға ортақ болып табылатын ертегілер де бар.

Комментарии запрещены.