Құрылған жылы: 1965
Байланыс телефоны: 33-71-11
Құрылымы: абонемент, оқу залы
Посмотреть на карте Павлодара
Кітапхана тарихы:
№ 3 көпшілік кітапханасы Ленин кентінде орналасқан. Кітапхана 1965 жылы құрылған. Алғашқы кезде кітапхана Бокин көш.,2 мекенжайы бойынша (жалпы ауданы – 67 кв.м.) орналасқан болатын. Қазіргі күні Макажанов көш., 3а мекенжайы бойынша әкімдік ғимаратының екінші қабатында уақытша орналасқан. 2002 жылы кітапхана Павлодар қ. ОКЖ енді.
Бірінші кітапханашысы Карпенко Нина Алексеевна болды. 1973 жылдан бастап 2003 жылға дейін кітапхананы Юрьева Нина Романовна басқарды.
Нина Романовна 1938 жылдың 1 қыркүйегінде Павлодар облысы, Успенка ауданының Новопокровка ауылында туған. 1966 жылдан бастап Успенка ауданының Дмитриевская ауылдық кітапханасының меңгерушісі болып қызметін бастады. 1968-1970 жылдар аралығында Семей кітапханалық техникумында сырттай білім алды. 1970 жылы Ленин кентіне көшіп келген және 2002 жылға дейін № 3 көпшілік кітапханасында жұмыс істеген. Қазіргі таңда зейнеттік демалыста.
1996 жылға дейін кентте екі көпшілік (№ 3 и № 13) кітапхана мен № 5 балалар кітапханасы болған. Кент әкімінің шешімімен 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі кітапхана № 3 кітапханасы болып біріктірілді және екі штаттық бірлік енгізілді. Осы кезеңнен бастап және бүгінгі күнге дейін кітапханада 2 қызметкер жұмыс істейді.
Кітапхананың компьютермен жабдықталуы және кітапханалық «РАБИС» бағдарламасының орнатылғанынан бастап қызметкерлермен кент тарихы бойынша материалдар жинау жүргізіліп, электронды деректер базасына енгізілуде. Сондай-ақ кент тарихына арналған мақалалардың электронды картотекасы да толтырылып енгізілуде.
Мақсатты бағдарламасы:
Кітапхана ұжымы «Туған жер – алтын бесік» мақсатты бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда.
Мақсаттары: оқырмандардың Қазақстан тарихына және өлкетануға деген қызығушылықтарын ояту; азаматтық отансүйгіштік пен ауыл оқырманының құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.
Міндеттері: мемлекеттік тілді оқып үйрену және ұлттық мәдениетке тарту; рухани мәдениетті жаңғырту; өлкетану әдебиеттерін танытып насихаттау.
Серіктестері: Ленин кентінің әкімдігі; Ардагерлер кеңесі; мектеп педагогтары; зиялы қауым.
Міндеттері: поэзия, проза мен халық дәстүрлерін насихаттау бойынша кенттің шығармашыл әйелдер бірлестігі.
Клуб белсенділері: Медова Л.У., Алтынова С.Д., Байтасова Г.К., Сыроежкина Г.Т., Задорожная Н., Сержанова У., Бексейітова Ш., Щипицына В. және басқалары – поэтикалық, композиторлық және әншілік таланттары бар нәзік жандар. Кітапхана жанындағы клубтан олар рухы бір белсенді де, шығармашыл жандарды тапты. Бұны толеранттылық үлгісі, достық пен өзара көмекке келу қасиеті, шығармашылық ауызбірлігі күшті клуб ретінде тануға болады. Клуб алты жылдай өз шаңырағына кент тұрғындарының түрлі ұлт өкілдері әйелдерінің басын қосқан орталық.