«Рәміздері елімнің бойтұмары…»

3 маусым күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай көпшілік оқырмандарға және ардагерлер кеңесіне «Рәміздері елімнің бойтұмары…» атты тарихи сағатын өткізді. ҚР әнұраны орындалды, кітапханашылар ҚР мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беріп, сұрақ-жауап өткізді. Және кітап көрмесіне шолу жасалды.  

Толығырақ

«Қазақтың ұлттық өнерін дамытқан тұлға»

28 сәуір күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында композитор, музыкатанушы, дирижер А. Жұбановтың 120 жыл толуына орай «Қазақтың ұлттық өнерін дамытқан тұлға» жыр кеші өтті. Ахмет Қуанұлы Жұбанов — кеңестік және қазақ музыкатанушысы, композитор, дирижер. Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі.  

Толығырақ

«Қайым Мұхамедханов —  абайтанушы, ғалым»

26 қаңтар күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасының қызметкерлері #40 мектебінің 10 сынып оқушыларына ғалым, абайтанушы Қ. Мұхамедхановтың 110 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов —  абайтанушы, ғалым» әдеби сағатын өткізді. Оқырмандарды белгілі абайтанушы, ғалым, жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың Алаш жұртына сіңірген зор еңбегің дәріптеу, және…

Толығырақ

 «Өнермен өркендеген өлке»

19 қаңтар күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында  «Өнермен өркендеген өлке» жедел ақпарат циклы аясында Майра Шамсутдинованың шығармашылық мұражай-үйінің ашылғанына 25 жылдығына арналған жедел ақпарат берілді. Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражай үйі Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде XX ғасырдың басындағы белгілі көпес Абдул Фатах…

Толығырақ