Құрылған жылы: 1964
Байланыс телефоны: 35-27-36
Құрылымы: абонемент, оқу залы
Кітапхана тарихы:
Кітапхана ісі ардагерлерінің бірі — Л.И.Наумчуктің естеліктері бойынша Кенжекөл ау. кітапханасы тың игеру жылдары кәсіподақтық кітапхана болып ашылғандығы белгілі. 1964 жылы кітапхана Павлодар аудандық мәдениет бөлімінің қарауына өтіп, ескі барактық саман ғимаратында орналасқан болатын. Кітап қоры шамамен 6 000 дана кітаптан тұрған. Оқырмандар саны 500 адамды құраған. Кенжекөл ауылына үш бөлімше қараған, онда кітапхананың пунктері болған. Кітаптар айына бір рет ауыстырылып отырған, сол себепті алыстағы ауыл оқырмандары әдебиет әлемінің жаңалықтарынан әрдайым хабардар болып отыратын. Бірінші бөлімшеде кітапханалық пункт мал шаруашылығы кешенінде орналасқан болатын. Ал пішен шабу мен орақ науқанында кітапханашы жазғы маусым жоспарына сәйкес партком хатшысы мен кәсіподақ төрағасымен бірге бригадаларды аралап, дәрістер оқыды, жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасап, өзекті тақырыптарға арналған «Молний» парақшасының шығуына орайластырылған әңгімелер жүргізді. Екінші бөлімшеде кітапханалық пункт клубта орналасқан болатын. Үшінші бөлімшеде белсенді тұрғын және кітапқұмар Лифанова Александраның арқасында осы жерге 90 оқырманнан жазылған болатын.
1964 жылдан бастап 1967 жылға дейін кітапхана Н.Ф.Зарова басқарды. 1967 жылдан 1993 жыл аралығында кітапхананы Л.В.Наумчук басқарды. 1970 жылы кітапханаға жаңа әрі жайлы үй-жай тиді. 1980 жылы кітапхана үшін Кенжекөл техникумының оқу корпусынан үй-жай бөлінген еді. Онда орталық жылыту жүйесі болатын. Осы кезден бастап Кенжекөл кітапханасы техникум кітапханасымен тығыз байланыс орнатты. Оны Ә.Ғ.Нұрымбекова басқарған болатын. Кітапханалардың оқушылар мен техникум студенттері үшін бірлесіп атқарған іс-шаралары өтіп тұратын. Осы жылдары Кенжекөл кітапханасына «Үздік жұмыс атқаратын кітапхана» дәрежесі берілген еді. 1993 жылы кітапхана қоры 15 000 дана кітапты құрады, ал оқырмандар саны 800 адамнан асқан еді. Кітапхана негізінде үнемі облыс кітапханашылары үшін кәсіптік семинарлар өтіп тұратын болды. Семинар тақырыптары әртүрлі болды: «Перевод фондов библиотек на новую ББК», «Работа с молодёжью по правовому воспитанию», «Анализ библиотечных фондов» және басқалары.
1993 жылы Кенжекөл ауылына Павлодар аудандық кітапханасы көшіріліп, ауыл кітапханасының кітап қоры аудандық кітапханамен қосылды, кітапхананың штаттық бірлігі қысқартылды. Оңтайландыру жылдары Павлодар ауданының барлық кітапханалары жабылып, Кенжекөл ау. кітапханасы ғана сақталып қалды. 1996 жылдан бастап Кенжекөл ауылдық кітапханасын В.К. Әлжанова басқарды.
2003 жылдың қаңтарында Кенжекөл ау. кітапханасы ОКЖ балансына қарайтын болды. Ол кезде кітап қоры 15 791 дананы құрайтын. 2003 жылдан бері кітапханаға К.А.Көкентаева басшылық жасап келеді. Қазіргі таңда кітапхананың штатында екі кітапханашы бар, олардың бірі – кітапханада бұрыннан қызмет жасап келе жатқан Л.В.Наумчук. Кітапхана ауылы өмірінде мәдени ошақ болып табылады. Кітапхана ауыл әкімдігімен, Ардагерлер кеңесімен, отбасылық-дәрігерлік амбулаториямен, музыкалық мектеппен, жалпы білім беру мектебімен байланысын үзген емес.
Мақсатты бағдарлама:
Кітапхана ұжымы «Қырда бой көтерген совхоз» атты мақсатты кешенді бағдарлама бойынша жұмыс жасайды.
Мақсаты: білім алу, ойын-сауық, қарым-қатынас орталығы ретінде ауылдық кітапхана имиджін қалыптастыру.
Міндеттері: тарихты сақтау мен насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу, дәстүрлер, ауыл қайраткерлерінің мәдени мұрасын насихаттау.
Серіктестері: Кежекөл ауылының Ардагерлер кеңесі; Кенжекөл орта мектебі мен музыкалық мектеп педагогтары.
Міндеттері: тәжірибемен алмасу және ауыл тұрғындарын бау-бақшаға қатысты жаңа кітаптар мен журналдар туралы ақпараттандыру.