«Жасанды интеллектпен танысайық!»

№3 көпшілік кітапханасында «Жасанды интеллектпен танысайық!» атты интерактивті сабақ өтті. Шара барысында информатика пәнінің мұғалімі, робототехника үйірмесінің жетекшісі Гүлназ Шандыбасова қатысушыларды робототехника негіздерімен және жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен таныстырды. Оқырмандар қызықты тәжірибелерге қатысып, заманауи технологиялардың мүмкіндіктері туралы мол мағлұмат алды. Кітапханашы жасанды интеллекттің даму…

Толығырақ

«Бір кітап – жаңа әлемге жол ашу»

16 сәуір күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханада Ұлттық кітап күніне орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Бір кітап – жаңа әлемге жол ашу» атты оқу және талқылау сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушылардың назарына Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы ұсынылды. Бұл…

Толығырақ

«Наурыздың барлық түстері»

№3 көпшілік кітапханасында қазақ халқының бай мәдени мұрасымен таныстыруға арналған «Наурыздың барлық түстері» дәстүр кеші өтті. Кітапханашылар Наурыз мерекесінің мәні, оны тойлау дәстүрлері, көктемнің символикасы, қонақжайлық пен бірліктің маңызы туралы әңгімеледі. Қазақтың Бесікке салу дәстүрін көрсетті. Бұл рәсімнің әрбір элементінің мағынасы түсіндіріліп, бесікке…

Толығырақ

«Қолдың жылуы мен шабыт»

№3 көпшілік кітапханасында «Қолөнер әлемі» үйірмесі аясында «Қолдың жылуы мен шабыт» атты тәжірибе алмасу сағаты өтті. Кездесудің құрметті қонағы – халық шебері, қолөнерші Сунгатова Галия Балтабаевна. Ол өз шығармашылық жолы, ұлттық қолөнердің ерекшеліктері мен қыр-сыры туралы әсерлі әңгіме айтып, қатысушылармен тәжірибесімен бөлісті. Шебердің…

Толығырақ

«Қабдеш Жұмаділовтің даналығы мен сөзі»

05 ақпан күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханада бұқаралық оқырмандарға арналған «Қабдеш Жұмаділовтің даналығы мен сөзі» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық әдебиетке қызығушылықты арттыру, оқуға баулу және мәдени мұраны сақтау.…

Толығырақ

Өмірі — өнеге, сөзі — мәңгілік

№ 3 көпшілік кітапханада жазушы, драматург, педагог, аудармашы және өлкетанушы Зейтін Ақышевтің туғанына 115 жыл толуына арналған әдеби портрет өтті. Іс-шара барысында оқырмандар қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, әдебиетке, білім беру саласына және өлкетануға қосқан үлесін тереңірек таныды. Туған өлкенің тарихын,…

Толығырақ