«Қабдеш Жұмаділовтің даналығы мен сөзі»

05 ақпан күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханада бұқаралық оқырмандарға арналған «Қабдеш Жұмаділовтің даналығы мен сөзі» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық әдебиетке қызығушылықты арттыру, оқуға баулу және мәдени мұраны сақтау. Әдеби кеш барысында қатысушылар жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолымен танысты, оның туындыларынан үзінділерді мәнерлеп оқу тыңдады. Сондай-ақ автор шығармашылығындағы негізгі тақырыптар – отансүйгіштік, ұлттық болмыс, тарихи жады және рухани құндылықтар талқыланды. Ерекше назар «Тағдыр» романына аударылды. Қатысушылар шығарма желісін, кейіпкерлердің тағдырын, олардың өмірлік таңдауларын және романың қазіргі қоғам үшін маңызын талқылады. Іс-шара аясында «Қабдеш Жұмаділовтің даналығы мен сөзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.