«Бір кітап – жаңа әлемге жол ашу»

16 сәуір күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханада Ұлттық кітап күніне орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Бір кітап – жаңа әлемге жол ашу» атты оқу және талқылау сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушылардың назарына Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы ұсынылды. Бұл шығарма – халық тағдыры, тарихи сынақтар мен адам рухының беріктігін бейнелейтін терең туынды. Кездесу барысында оқырмандар кітаптың мазмұнымен танысып, кейіпкерлердің тағдыры, олардың таңдауы мен өмір жолдары жайында ой бөлісті. Патриотизм, ұлттық болмысты сақтау және ұрпақтар сабақтастығы тақырыптары үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, шығарманың бүгінгі қоғамдағы маңызы мен өзектілігі туралы ой қозғады.

Комментарии запрещены.