«Абайды оқы, таңырқа…»

2 тамыз күні с. 11.00-де №2, №3 балалар кітапханалары Орталық  қалалық кітапханасының ауласында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында және 10 тамыз -Абай күніне орай » Абайды оқы, таңырқа…» атты әдеби сағатын өткізді. Іс- шараға Павлодар қаласының «Жастар үйінің» тәрбиеленушілері жәнете басқа да қала тұрғындары көрермен ретінде шақырылды.

Мерекені «Сегіз аяқ » әнімен әнші  Мизан Жұмаәлі ашты. Іс-шара барысында Абайға арнаған өз өлеңің ардагер Ақкузинова Бақжамал апай оқып берді. №8 шағын ауданының Ардагерлер кеңесінің Төрағасы Маусымбаев Сапарбек Шайхымұлы және мүшелері Бектаев Рамазан ата мен Қарымбек Ырымды апай әдеби сағатты ән-шашуымен көркейтті.

«Дана халықтың Ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.