«Оқы. Ойна. Ойла»

17 мамыр Павлодар қаласының 2, 3 балалар кітапханаларының қызметкерлері «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында Орталық қалалық кітапхананың алаңында «Оқы. Ойна. Ойла» атты ойын-сайыс бағдарламасын өткізді. Іс-шараға 7 ЖОББМ 6 -7  оқушылары қатысты.

Шара барысында қатысушылар кітапқа, кітап оқуға байланысты түрлі танымды, қызықты тапсырмаларды орындады. Өздерінің білімдерін толықтырды. Сонымен қатар спорттық тапсырмаларды  да жасады. Түрлі қызықты да мағыналы кітаптармен танысты. Балалар белсенді және көңілді қатысты.

Комментарии запрещены.