Қазақстан халқының бірлігі күні

27 сәуір күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында Орталық қалалық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі күніне іс-шара өткізді. Бұл жобаның мақсаты: кітапқа және оқуға деген қоғамдық қызығушылықты ынталандыру; балаларды оқуға баулу; кітапхананы оқырманға барынша жақындату.

№ 28 ЖОМ жоғары сынып оқушылары үшін «Қазақстан- ортақ үйіміз» атты мерекелік бағдарлама өткізілді.

Кітапханашылар Қазақстан халқының бірлігі күні  мерекесімен құттықтады; Қазақстанның көпұлттылығы туралы; қазақ жерінде халықтар арасындағы достық, тағдырдың еркі туралы әңгімелесті; ұлы қазақ ақындарының поэтикалық шығармаларынан үзінділер оқыды; көрермендермен «Түрлі халықтардың жұмбақтары» байқауы, Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары; «Менің Қазақстаным» блицтурнирі өткізілді; «Бізге бейбітшілік керек» әнін бірге шырқады.

Мерекелік бағдарламаға Павлодар қаласының шығармашылық адамдары мен ұжымдары қатысты П. Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшелері: Л. Бевз, Н. Борисовская, Л. Марковская, О. Захарова- Гребельная; бард К. Симонов; «Воля» фольклорлық ансамблі; № 9 ЖОББМ оқушылары халықтар достығына арналған өлеңдер оқыды.

Мерекелік бағдарлама №27 ЖОББМ бастауыш сынып оқушылары үшін жалғастырылды. Оларға Қ. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің әртүрлі бөлімшелерінің тәрбиеленушілері қонаққа келді. Бұл кездесудің танымдық бағдарламасы Ертіс өңіріндегі этностардың ән-биіне ұласты. Балалардың түрлі тілде бейбітшілік, достық, келісім туралы қойылымдары ел тарихындағы халықтың тағдырын түсінуге, азаматтық борышқа деген сезімін танытуға ықпал етті. Іс-шара барысында оқушылармен Қазақстан тарихын және оның аумағында тұратын ұлттарды білуге арналған викторина өткізіліп, балалар өздерінің жақсы білімдерін көрсетіп, бағдарлама соңында ұлттық ойындар өткізілді. Көңілді би, спорттық жарыстар — мұның бәрі іс-шараны қызықты етті.

Іс — шара қонақтары мен барлық қатысушылар үшін «Қазақстан- ортақ үйіміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда ұсынылған материалдар Қазақстанда тұратын халықтар, олардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы баяндайды. Экспозицияның бір бөлігі Қазақстан халқы Ассамблеясына және көпұлтты дамудың қазақстандық моделіне арналған. Халық шебері Н. В. Борисовская сәндік-қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастырды.

Комментарии запрещены.