«Дала елінің әуендері»

19 шілде күні Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында «Дала елінің әуендері» атты әдеби-сазды кеш өткізді.
Кеш бағдарламасында Естай Беркімбаев, Сақау Мәукеұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы туралы мәліметтер берілді. Роза Бағланова атындағы мәдениет үйінің «Жігер» домбыра үйірмесі —  жетекшісі З.К. Төрегелдинова, «Достық» ардагерлер хоры —  жетекшісі Д.А. Козлов, Жетекші ауылы МОСО мәдени ұйымдастырушысы Сәтімов Бағдат, көпшілік кітапхана қызметкері Асылова Гүлжанат,
Павлодар қаласындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Жас Еркін» үлгілі домбырашылар ансамблінің жетекшісі М.Б. Кенжеханов қатысты.

Комментарии запрещены.