«Спорт – менің өмірім»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылдың 14 маусымында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында №4 және №8 балалар кітапханасының кітапханашылары қала мектептерінің жазғы лагердің  балаларына арналған «Спорт – менің өмірім» атты сайыс ойын бағдарламасын өткізді. Кітапханашылар балаларды жазғы демалыстарымен құттықтап, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, спорттық жарыстар өткізді. Балалар эстафеталық жарыстарға қатысып, өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, тапқырлықтарын көрсетті. «Ең мейірімді» дипломымен №34 мектеп жазғы лагердің  «Метеор» командасы, «Ең епті» №36 орта мектептің «Стрела» командасы марапатталды. «Карамелка» би театрының ұжымы өз өнерлерімен іс-шараның сәнін келтірсе, кітапхананың белсенді оқырмандары Головчуктар отбасы бүлдіршіндермен жандыру флешмобын өткізді. Шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.