«Жер жаннаты — Сарыарқа»

5 сәуірден бастап орталықтаңдырылған кітапханалар жүйесі «Кітапхана ашық аспан астында» өз жұмысын бастады және осы жұмысын әрі қарай жалғастырады. Осыған орай Орталық қалалық кітапханасында Павлодар облысының құрылғанына 85 жыл толуына байланысты «Жер жаннаты — Сарыарқа» атты әдеби-өлкетану алаңы өтті. Аталмыш шараға өңіріміздің қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандары және студенттер қатысты. Шарада Павлодар Ертіс өңірінің – тарихы мен шежіресі, ақындары мен жазушылары, әншілері мен қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен сал-серілер дәстүрін ілгері дамытқандығы жайлы кеңінен таныстырылып өтті. Сонымен қатар әдеби — өлкетану алаңында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық Университеті және М.Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің студенттері өлеңдері мен қатар әндерін орындады. Кітапхана қорынан Павлодардың өлкесі мен тарихына және шежіресіне байланысты «Туған өлке-тұнған тарих, шежіре» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеге кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. «Ашық аспан астында» атты Павлодар облысының 85 жылдығына арналған буккроссинг ұйымдастырылып, онда өлкетану тақырыбындағы кітаптар, облысымыздың ақындары мен жазушыларының кітаптары орналастырылды. Павлодар облысының белгілі мерейтойларына арналған буклет пен бетбелгілер таратылды.

Комментарии запрещены.