«Жүрегіме жақын жырлар»

Поэзия — бұл біздің жанымыздың күнделікті өмірден алшақтап,  еркіндікті  аңсайтын ерекше әлем. Ол қарапайым сөздерге ерекше сиқырлы бояу беру арқылы біздің өмірімізді нұрландырады.

21 маусымда Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің көпшілік кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ашық аспан астындағы кітапхана»  жобасы аясында «Жүрегіме жақын жырлар» атты поэзияға арналған әр түрлі жастағы адамдардың басын қосқан   бағдарлама өтті.

Бұл күні бағдарлама қонақтары тек тыңдаушылар мен көрермендер болып қана емес, сонымен қатар өздері де белгілі ақындардың: А. Құнанбаев, А. Пушкин, М. Мақатаев, С. Есенин, М. Шаханов және т.б. ақындардың сүйікті өлең жолдарын оқыды.  №24, 25, 37 мектеп оқушылары, медицина колледжінің студенттері табиғат туралы, туған өлкеге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін білдіріп,   өлеңдер оқыды.

Бағдарламаның басты ерекшелігі «Замандас» клубының ардагерлерінің өнер көрсетуі болды, олардың орындауында белгілі ақындар мен композиторлардың әндері мен өлеңдері шырқалды.   Ардагерлердің биін  көрермендер жылы қарсы алды. Клуб бишілері мен әншілері көрермендерді қуантқан ең жақсы концерттік бағдарлама дайындады. Біз жасына,   денсаулығына қарамастан, біздің іс-шараларға әрқашан белсенді қатысатын қатысушыларымызға алғыс айтамыз.

Бұл күнгі музыкалық-поэтикалық бағдарлама поэтикалық сөзді сүйетін достар шеңберінде өткізілген  ерекше  де бақытты күн ретінде қалады деп үміттенеміз және таңғажайып орта қатысушылардың әрқайсысына өз ақынын  табуына мүмкіндік береді деген сенім білдіреміз!

Комментарии запрещены.