Алғыс айту күніне арналды

№1 емханадағы акт залында №10 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана кеңістігін кеңейтеді» атты бірлескен жобаның аясында медицина қызметкерлері үшін поэтикалық шашу екі тілде өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Павлодар облысының 80 жылдығына арналды. Шараны жүргізгендер — Магмурова Т. Т. және Пихлик Н. И.…

Толығырақ

Өзін-өзі тану сабағы

1 наурызда №6 балалар кітапханасының қызметкерлері «Сауран» клубының балаларына Алғыс айту күніне арналған «Мейірімділік пен сүйіспеншілік жолы» атты өзін-өзі тану сабағын өткізді. Мақсаты: балалардың адамгершілік құндылықтары туралы түсінік-терін кеңейту. Жүргізуші алғыс айту күні туралы айта келіп, балалардың назарына «Рахмет» атты бейнеролик ұсынды. «Мейірімділік» сөзінің мағынасы талданып, оған лайықтылар анықталды.…

Толығырақ

«Тәуелсіздік дәуірі» — жаңа тарих шежіресі

28 ақпанда Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында жергілікті мектептің 7 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы туралы әңгіме өткізілді.  Кітапхана меңгерушісі Күлжан Абдрахманқызы Кукентаева кітап туралы кеңінен әңгімеледі. Тарихи туындыда егемен еліміздің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі…

Толығырақ

Өлке тарихына арналды

27 ақпанда Павлодар ауылының көпшілік және балалар кітапханаларының қызметкерлері ауыл тұрғындары мен жергілікті мектептің 5-сынып оқушыларына Павлодар облысының 80 жылдығына арналған өлкетану сағатын өткізді. Мақсаты: балалардың туған өлке туралы білімін тереңдету; Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Оқу залында туған жерге арналған тұрақты кітап көрмесі жабдықталды. Шараға ауыл әкімі…

Толығырақ

Ауызша журнал: ұлттық құндылықтар

26 ақпанда №4 балалар кітапханасының оқу залында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында №2 мектептің 6 сынып оқушыларына халықтың дәстүріне арналған ауызша журнал өткізілді. «Ғасырлар мұрасы» атты кітап көрмесі-инсталяция безендірілді. Көрменің жанына ұлттық бұйымдар: киіз үйдің заттары, домбыра, түлкінің терісі, киіз үйдің моделі, қоржын, асықтар, т.…

Толығырақ

Тоқыма үйірмесінің алғашқы сабағы

24 ақпанда №10 көпшілік кітапханасының оқу залында коворкинг-аймақ аясында №24 мектептің бастауыш сынып балаларымен «Карамелька» үйірмесінің алғашқы отырысы болып өтті. Бұл жоба кітапханашылардың көптен бері ойында жүрген болатын. Оның мақсаты жақын маңдағы мектептердің оқушыларын бір пайдалы іске үйрету болды. Сөйтіп адам өміріне керекті деген тоқыма өнері таңдап алынды. Тоқыма –…

Толығырақ