Ауызша журнал: ұлттық құндылықтар

26 ақпанда №4 балалар кітапханасының оқу залында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында №2 мектептің 6 сынып оқушыларына халықтың дәстүріне арналған ауызша журнал өткізілді.

«Ғасырлар мұрасы» атты кітап көрмесі-инсталяция безендірілді. Көрменің жанына ұлттық бұйымдар: киіз үйдің заттары, домбыра, түлкінің терісі, киіз үйдің моделі, қоржын, асықтар, т. б. қойылды.  Ауызша журнал «Ғасырлар қойнауында» тақырыбымен ашылды. Ғасырлар
бойы әр халықтың өз салт-дәстүрлері қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа табысталды. Сондықтан
халық өз мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін, ғұрпын сақтап келді. Ата-бабаларымыз
бізге үлкен мұра қалдырып кетті, оны есте сақтау, білу, құрметтеу және ұрпағымызға табыстау біздің борышымыз. Оның ұрпақ тәрбиесіндегі атқарар рөлі өте зор.

Журналдың келесі беті «Асыл қазына» деп аталды да, балалар өздері білетін «Беташар», «Бесікке салу», «Арқан тарту» дәстүрлерінің мәнін түсіндірді. Сонымен бірге қазақтың ырымдары мен тыйымдарына арналған сұрақ-жауап және ұлттық ойындар ұйымдастырылып, «Ат қою», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсаукесер» сияқты салттар туралы айтылды. «Тұсаукесер» слайды көрсетілді.

Журналдың 3 беті «Сен білесің бе?»деп аталды. Онда ежелден келе жатқан аңыздар мен дастандар, ертегілер мен жырлар, мақалдар мен тыйым сөздер туралы сөз болды. «Ғасырлар мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Қатысқан 28 оқырман.

20180302_152350.th.jpg 20180302_160054-1.th.jpg

Комментарии запрещены.