«Тәуелсіздік дәуірі» — жаңа тарих шежіресі

28 ақпанда Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында жергілікті
мектептің 7 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы туралы әңгіме өткізілді. 

Кітапхана меңгерушісі Күлжан Абдрахманқызы Кукентаева кітап туралы кеңінен әңгімеледі. Тарихи туындыда егемен еліміздің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны жан-жақты баяндалады. Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай төрт бөлімнен тұрады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясында бірлігіміз
бен тұрақтылығымызды сақтасақ, жарқын болашақ туралы үмітіміздің абыроймен іске асатынын айтып еді. Бүгінгі біздің қоғамның бірлігі бекем, тұрақтылығы тұғырлы.
Шара соңында осы тақырыпқа арналған бейнефильм көрсетіліп, қорытынды жасалды.
15 оқушы қатысты. 

R13HZYcrXhA.th.jpg yZ9HlcUwHN0.th.jpg

Комментарии запрещены.