Алғыс айту күніне арналды

№1 емханадағы акт залында №10 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана кеңістігін кеңейтеді» атты бірлескен жобаның аясында медицина қызметкерлері үшін поэтикалық шашу екі тілде өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Павлодар облысының 80 жылдығына арналды. Шараны жүргізгендер — Магмурова Т. Т. және Пихлик Н. И.

Поэтикалық шашуды 1 Наурыз — Алғыс айту күні атты бейнеролик ашты. Бұл мереке 2016 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен белгіленді. Ол қазақ еліне қиын уақыттарда мәжбүрлі түрде қоныс аударылған этникалық топтарға қазақтардың адамгершілікпен қамқорлық көрсеткені туралы ескерту болып табылады. Мейірімділік, қайырымдылық, өзара көмек және жанқиярлық көптеген адамдардың аман қалуына және біртұтас Қазақстан халқына айналуына көмектесті. Бұл
ұмытылмайды және ешқашан ұмытылмақ емес! «1Наурыз — Ризашылық күні» деген бейнебаян осы ұғымды растады.

№1 емхананың бас дәрігері Туребаев Алтай Оралұлы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық пен бақыт тіледі, бейбіт өмір сүріп, көпұлтты Қазақстанның гүлденуі үшін жұмыс істеуге шақырды.

Ризашылық күні сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және келісім жолындағы саясатының салтанат құрған күні болып табылады. Бұл мереке қазақ халқының салт-дәстүрлерінің үлкен тарихына негізделген. Халыққа тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Бұл тәжірибе Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Тәуелсіздік дәуірі»
кітабында сипатталды. Кітап қалада библиографиялық
сирек кездесетін құндылық болғанымен, осы іс-шараға кітапхана қызметкерлері оны
емхана қызметкерлеріне арнайы таныстыру үшін әкелді. Ол «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы әдебиеттерді қарауда көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Шараның құрметті қонағы — тарих ғылымдарының кандидаты, ПМУ доценті Батталов Қайрат Қанатұлына сөз берілді. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қазақстанда, оның ішінде Павлодар облысында қалай жүзеге асырылып жатқандығымен таныстырды. Мемлекет басшысының Қазақстанда рухани құндылықтарды жандандыруға, қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында не істеліп жатқанына тоқталды. 

Поэтикалық шашуда № 24 мектептің 3-ші «а» сынып оқушылары — Сембаева Жансұлу, Қайырбек Дина, Магмурова Арай, Ахметова Риза, Амангелді Айзере және Чиркеева Маликаға өлеңдер оқып, 8 наурыз мерекесіне арналған әндер шырқады. «Тәуелсіздік дәуірі» бейнефильмі іс-шараның тақырыбын толықтыра түсті. Онда Қазақстанда тұратын түрлі этникалық топтардың өкілдері қазақ халқына алғысын өлең тілімен жеткізді. Шараға 34 адам қатысты.

1f08b1ebcad0b854c.th.jpg 2b74f0319beb14fa0.th.jpg

Комментарии запрещены.