Танымдық шара: әлем ертегілері

15 маусымда №4 көпшілік кітапханасы №12 мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балаларға ертегілер бойынша танымдық шара өткізді. Мақсаты: балалардың ертегілер туралы ұғымын кеңейту, логикалық ойлауын жетілдіру. Оқу залында «Менің сүйікті ертегім» атты кітап-иллюстрация көрмесі жабдықталды. Шараны жүргізген кітапханашы Гүлнар Декдарбековна Мұхтарханова халық фольклоры, ертегілердің…

Толығырақ

«Даналық әліппесі» атты қызықты хабарлама сағаты

14 маусым күні П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада №35 мектептің жазғы лагерь балаларына арналған «Даналық әліппесі» атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді. «Интерактив Қазақстан» базасында әзірленген «Даналық әліппесі» бір нұсқаулықтан, он екі кітаптан және сөйлейтін қаламнан тұратын оқу-тәрбие кешені негізге алынды. Алдымен бейне-караокемен…

Толығырақ

Ертегілік десант

14 маусымда №10 көпшілік кітапханасында сиқырлы қобдишаны іздеген ертегілік десант болды. Екі отрядтан тұратын десант №17 мектептің жанындағы лагерьдің демалушылары болды. Десантты кітапхана қызметкерлері Н.И. Пихлик пен Т.Т. Магмурова басқарды. Жүргізушілердің басшылығымен демалушылар ертегілердің қалай туатынын анықтады. Балалар үлкендерден естіген және өздері оқыған…

Толығырақ

«Балаларға шын жүректен» әдеби сағаты

14 маусым күні Орталық балалар кітапханасында Жәнібек Кәрбозиннің 85 жылдығына арналған «Балаларға шын жүректен» атты әдеби сағаты өткізілді. Бұл күні кітапхананың қонағы ретінде № 29 мектептің жанындағы лагерьдегі оқушылар  болды. Іс-шара Ж. Кәрбозиннің өмірбаяны және шығармашылығы туралы әңгімемен басталды. Балалардың сүйікті ақыны 1933…

Толығырақ

Экологиялық сейіл

13 маусымда №10 көпшілік кітапханасында №17 мектептің жанындағы лагерьде демалушыларға арналған экологиялық сейіл өткізілді. Оны кітапханашылар Т.Т. Магмурова мен Н.И. Пихлик қазақ және орыс тілдерінде жүргізді. Кітапханашылар табиғатқа жасалып жатқан зиян туралы әңгімеледі. Адамдар орманда серуендегенде кейде өздерінен кейін сөнбеген отты, қоқысты қалдырып…

Толығырақ

«Отпен ойнама» қауіпсіздік сабағы

13 маусымда №2 балалар кітапханасының қызметкерлері Усолка шағын ауданында орналасқан мамандырылған өрт сөндіру  бөлімінде  №42 мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балаларға арнап «Отпен ойнама» атты қауіпсіздік сабағын өткізді. Мақсаты: жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру; өртке қарсы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Өрт сөндіру  бөлімінің…

Толығырақ