«Балаларға шын жүректен» әдеби сағаты

14 маусым күні Орталық балалар кітапханасында Жәнібек Кәрбозиннің 85 жылдығына арналған «Балаларға шын жүректен» атты әдеби сағаты өткізілді. Бұл күні кітапхананың қонағы ретінде № 29 мектептің жанындағы лагерьдегі оқушылар  болды.

Іс-шара Ж. Кәрбозиннің өмірбаяны және шығармашылығы туралы әңгімемен басталды. Балалардың сүйікті ақыны 1933 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының Амангелді ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін көп жыл республикалық газет-журналдардың редакцияларында қызмет істеген. 1954 жылдан бастап шығармалары жариялана бастаған. 1959 жылы алғашқы «Қызғалдақ» жыр жинағы, одан кейін көптеген кітаптары шыққан. Ол С.Маршак, Ю.Тувим, К.Чуковский, Дж.Родари сияқты және басқа көрнекті ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Балалар ақынның шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, сөзжұмбақтарды шешті. «Сиқырлы доп», «Шырша», «Тақия» ойындарына белсенді қатысты. Кітапханашы С.Д.Нұрғалиева «Балаларға шын жүректен» атты кітап көрмесіне  әдеби шолу  өткізді.

Іс-шара соңында балалар  «Алдар көсенің көңілді оқиғалары» атты мультфильмді тамашалады. 35 бала қатысты.

Комментарии запрещены.