Ертегілік десант

14 маусымда №10 көпшілік кітапханасында сиқырлы қобдишаны іздеген ертегілік десант болды. Екі отрядтан тұратын десант №17 мектептің жанындағы лагерьдің демалушылары болды. Десантты кітапхана қызметкерлері Н.И. Пихлик пен Т.Т. Магмурова басқарды.

Жүргізушілердің басшылығымен демалушылар ертегілердің қалай туатынын анықтады. Балалар үлкендерден естіген және өздері оқыған ертегілер туралы айтып берді. Осы кезде он-лайн режіміндегі «Ертегілерде қонақта» атты бейнебаян көрсетіліп, ертегілер еліне апартын қақпа ашылды.

Балалардың сиқырлы қобдишаны іздеуге асыққанын сезген жүргізушілер оларды ұшу сапарына аттандырды. Бірінші десант – «Ертегілік дүлей күш» алаңқайы болды. Балалар ертегілердегі дүлей күшті атады, бірақ қобдишаны таппады.

Екінші десантта ертегі кейіпкерлерінен кімдер ерекше жерде болғанын табу керек болды. Тапсырма тез орындалды.

Үшінші десант күрделі болды. Шатасып, араласып кеткен есімдерді ретке келтірген соң ғана сиқырлы қобдиша табылды. Ал оның іші түрлі заттарға толы екен. Енді әр заттың иесін, қай ертегіден екенін табу керек болды. Тез тапқандар тәтті сыйлықтар алды. Қызыққа толы шараға 48 бала қатысты.

Комментарии запрещены.