Мәдени мұраға арналған әдеби шара

16 ақпанда №10 көпшілік кітапханасының оқу залында «Мәдени мұра» және
«Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында №17 мектептің 5 сынып оқушыларына әдеби
шара өткізілді. Балалармен кездесуге жергілікті ақын, балалар баспасөз орталығының
жетекшісі, ИнЕУ журналистика кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық әдеби
жүлделердің иегері, әдеби конкурстардың дипломанты Елена Валентиновна Вайберт келді.

Шараны жүргізген кітапханашылар мәдениет, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы туралы айтты. Мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі арқылы ұлт бүкіл әлемде танымал болады. Қазақ халқының ұзақ ғасырларға созылған тарихы, әлемдік өркениеттің қазынасына қосылған мәдени құндылықтары бар. Алуан түрлі ескерткіштеріне қарап,
Қазақстанды ашық аспан астындағы музей деуге болады. Бұлар: тарихи және
археологиялық ескерткіштер, кітаптар, сирек қолжазбалар мен басылымдар.
Жүргізушілердің әңгімесін «Қазақстанның көне қалалары» атты шағын бейнефильм
толықтыра түсті. Балалар көне, ортағасырлық, шығыс сәулет өнері мен
мәдениетінің нағыз інжу-маржандарымен жақын танысты.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған он төрт жыл ішінде Қазақстанның тарихы мен археологиясы, этнографиясы мен мәдениеті жөнінде 537 атпен кітап шығарылды. Әр басылым – ғалымдардың, жазушылардың, аудармашылардың,
суретшілердің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың мол еңбегінің нәтижесі. Кітап
әлі де мәдени мұраны халыққа кеңінен насихаттай беретін болады.

Елена Валентиновна Вайберт мәдениет пен творчество туралы әңгімені өзінің әдеби
шығармашылығымен байланыстыра отырып, одан әрі жалғастырды. Балаларға арналған
бірнеше өлеңін оқыды. Әсіресе жұмбаққа құрылған өлеңдері балаларды қатты
қызықтырды. Сондай-ақ ол ұйымдастырған танымдық ойындар жас оқырмандарды бір
серпілтіп тастады.

Шараға 28 оқушы қатысты.

GEDC3722.th.jpg GEDC3707-1.th.jpg GEDC3703.th.jpg

Комментарии запрещены.