«Орман оқиғасы» атты экология сағаты

15 ақпанда Орталық балалар кітапханасында №5 мектептің 4 сынып оқушыларына «Ормандағы  оқиға» атты экология сағаты өтті.

Кітапханашылар Е. Ю. Борякина мен С.Д.Нұрғалиева экология
мен экологтар туралы айта келіп, адамдар үнемі қоршаған ортаға әсер ететінін айрықша
атап өтті. Ол табиғат ресурстарын ұқыпсыз пайдаланудан, ауаның ластануынан
көрінеді. Экологтар осы өзгерістерді зерттейді.

Қоршаған орта біздің ортақ үйіміз болғандықтан, оның байлығын үнемді пайдалану
жолдарын қарастырады. Экологияның не екенін көрнекті түрде түсіндіруге «Фиксики» атты мультфильм көмектесті. Балалар жануарлар мен құстардың қайда мекендейтінін анықтауға арналған ойын мен жұмбақтарды шешуге қатысты. Кітап көрмесіндегі Қазақстанның Қызыл кітабын және
әдемі безендірілген энциклопедияларды тамашалады. Олар бүгінгі шарадан өздері қоршаған
ортаның бір бөлігі екенін білді, өйткені ауамен демалады, су ішеді, әр-түрлі
азық-түліктерді қолданады. Тіпті қалай болса солай лақтырылған тұрмыстық қоқыстың
өзі ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Бұдан кейін көрсетілген мульфильм
негізгі тақырыпты толықтырды. Шара соңында балалар табиғатқа жанашырлықпен
қарау, оны ұқыпты пайдалану – әр адамның басты парызы деген қорытындыға келді. 

1aeafedae1f86875e.th.jpg

Комментарии запрещены.