Ертегілер еліне саяхат

16 ақпанда №6 балалар кітапханасында № 9 балабақшаның мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндеріне «Ертегілер еліне саяхат» атты ойын бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: ертегілер кейіпкерлерінің мінез — құлқын түсінуге үйрету. Суреттің
мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл
қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте
қабілетін дамыту.

Бүлдіршін қонақтар кітапханаға жасалған экскурсиядан кейін, қиял пойызына отырып, ертегілер еліне саяхатқа шықты. Бірінші аялдамада балаларды Бауырсақ қарсы алып, балалармен танысты. 

Келесі аялдамада бүлдіршіндерді шұбар тауық қарсы алды. Мүнда ертегіні еске
түсіріп, тауыққа балалар жем шашты. Жұмыртқаларын санады.

Бұдан әрі жылап отырған аюды көріп, жағдайды сұрап, үйшікті қиратып алғанын
білді. Аюды жұбатып, балалар оған жаңа үй салуға көмектесті. Аю туралы айтылған өлең бәрін бір серпілтті.

Келесі аялдама орыс ауылында болды. Бір үйге жақындаса, қария жерден
шалқанын суырып ала алмай отыр екен. Осы жерде кемпір, немере, ит, мысық,
тышқан келіп, ертегіден сахналық қойылым көрсетілді.

Саяхатымызды қазақ ауылында аяқтадық. Мұнда кийіз үй ішінде Алдар көсе
шайға шақырып мультфильм ретінде өзінің қызықты «Алдар Көсе мен ұры» әңгімесін
айтты. Кейін жол амандығын тілеп шығарып салды.

Іс шара соңында кітаптарға шолу жасалды. Қатысқан 19 адам.

SKAZKI-FOTO.th.jpg FOTO-SKAZKI.th.jpg

Комментарии запрещены.