Өңірдің әдеби ахуалына арналған кеш

15 ақпанда П.Васильев атындағы ОҚК өнер әдебиеті секторында ПМПУ, техника-экономикалық және музыка колледждерінің студенттері мен экология және туризм орталығының оқушыларына Павлодар облысының 80 жылдығына орай әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктерге арналған мерекелік кеш өткізілді. Оған арнайы «Құтты мекен –
Сарыарқам» атты кітап көрмесі жабдықталды.

Алдымен қатысушылар назарына кітапхананың электронды ресурстар залының кітапханашысы Б.Ә.Сламбекова дайындаған «Ертістің Павлодар өңірі – Сарыарқа інжу-маржаны»
атты буктрейлер ұсынылды. 

Шараны кітапханашылар Айгүл Екбындықызы Жүрсінова мен Наталья Николаевна Чирикова жүргізіп, облысымыздың туған күні 1938 жылдың 15 қаңтары екенін, бұл күні еліміздің Шығысы екіге – Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы болып бөлінгенін, ал өңіріміздің орталығы Павлодар қаласы болғанын айтты. Музыка колледжінің 1 курс студенті Айдана Қабдолла О.Мудряктың сөзіне жазылған Л.Лобченконың «Родная земля» әнін орындады.

Іс-шараның қонақтары: Людмила Николаевна Бевз, Ольга Николаевна Григорьева, Серік Қинаятұлы Сатыбалдин, Елена Валентиновна Вайберд, Бибігүл Кильдибекова-Садуова, Арсен
Бейсенов, Лариса Федоровна Лобченко, Константин Симонов, Эрнест Дмитриевич Соколкин, Николай Николаевич Мохирев.

Ақын, «Славян мәдениет орталығы» этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Людмила Николаевна Бевз соңғы жылдары облысымызда мәдениет саласында болған айтулы оқиғаларға тоқталып, жергілікті ақындар Е.Игнатовскаяның, Л.Медованың, О.Григорьеваның және басқалардың өлең кітаптары шыққанын атап өтті.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Ольга Николаевна Григорьева өткен жылы жарық көрген кітаптары туралы әңгімеледі.

Лебяжі ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы басқармасының мүшесі, белгілі аудармашы Серік Қинаятұлы Сатыбалдин жерлес жазушылар Всеволод Ивановтың, Павел Васильевтің және біртуар өнер адамы Иса Байзақов туралы жазған Николай Ановтың шығармаларын аударып, «Жұлдыз», «Жалын»,
«Таң-Шолпан», «Найзатас» журналдарында жариялағаны туралы айтты.

Павлодарлық күйші-композитор Арсен Бейсенов бірнеше күй орындады.

Өңіріміздің әдеби ахуалы туралы Елена Валентиновна Вайберд тартымды әңгіме қозғады. Ол
белгілі журналист, бірнеше жылдан бері облыстық радиода авторлық хабар жүргізеді, жас қаламгерлермен жүйелі жұмыс істейді, оқушылар сарайындағы балалар баспасөз орталығын басқарды, облыстық жастар газетінің бас редакторы болды. ИнЕУ-дің журналистика кафедрасының оқытушысы, өлеңдері газеттер мен журналдарда басылып жүр.

Іс-шара соңында павлодарлық бард Константин Симонов бірнеше ән орындады.
Ол өнерлі жастармен қоян-қолтық жұмыс істейді. Бірнеше авторлық әндері бар.

78 адам қатысты. Шара туралы сюжет «Ертіс» телеарнасынан көрсетілді.

WhatsApp-Image-2018-02-20-at-14.00.57.th.jpg WhatsApp-Image-2018-02-20-at-14.02.30-2.th.jpg WhatsApp-Image-2018-02-20-at-14.02.31-2.th.jpg

Комментарии запрещены.