Мерейгер суретшілерге арналды

16 ақпан күні  ұлттық әдебиеттер кітапханасының оқу залында павлодарлық мерейгер суретшілер Иван Васильевич Лагутин мен Василий Федорович Паликарповтың творчествосына  арналған өнер сағаты өтті. Іс-шараның қонақтары  ардагерлер болды.

Жүргізушілер суретшілердің өмірімен және шығармашылығымен таныстырды. Иван Васильевич Лагутин — өлкетанушы, фотограф, суретші, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Павлодар қаласының Құрметті азаматы. 1920 жылдан бастап Павлодар қаласында тұрды. Сурет салуды бала кезінен жақсы көрді. Оның осы жолға түсуіне ықпал еткен суретші В.П.Батурин болды. 1958 жылдан 1966 жылға дейін тарихи-өлкетану мұражайын басқарды. 1958 жылдан бастап Павлодарда алғашқы көркем көрмелерді ұйымдастырды және 1964 жылы Павлодар көркемсурет  музейі – Қазақстандағы алғашқы облыстық бейнелеу өнері музейі ашылды. Баянауыл туристік базасы ашылған кезде   жорықтардың, оның ішінде бүкілодақтық маршрутын әзірледі, өлкетанудан жан-жақты кеңес берді. 2- дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен , «Парасат» орденімен, «Германия-ны  жеңгені үшін» медалімен  марапатталған.

Виктор Федорович Паликарпов 1938 жылы 15 қараша күні Павлодар қаласында туған. Балалық және жастық шағы қаланың ескі бөлігінде өтті. Суретші -график. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Суретші ретінде Қазақстанның Ғылым Академиясының археологтарымен бірге көне Отырардың орнын қазу жұмыстарына қатысқан.

Қылқалам шеберінің есімі  республикадан тыс жерлерге танымал. Оның жұмыстары  Қазақстан мұражайларында,  Советтік мәдениет қорында , М. Плисецкаяның арнайы және жеке коллекцияларда бар.

Облыстық көркемсурет мұражайының қызметкері Ұлпан Нұрлыбековна Егенбаева суретші туралы көптеген қызықты деректер келтірді.  Қатысқан 15 адам.

Комментарии запрещены.