Жазушымен кездесу кеші

16 ақпанда №4 көпшілік кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, журналист, жазушы, өлкетанушы Юрий Дмитриевич Поминовтың 65 жылдық мерейтойына орай технология колледжінің 1 курс студенттерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге мерейгер жазушы өзінің жұбайы, танымал ақын, көптеген жыр жинақтарының авторы Григорьева Ольга
Николаевнамен келді.

Ю.Д. Поминов – жазушы, журналистер Одағы сыйлығының бірнеше дүркін лауреаты, өлкетанушы. Оның «Помню и люблю…», «Между прошлым и будущим», «Друзей моих прекрасные черты…», «Хроника смутного времени», «Просто жизнь…», «Блестки», «Как я был…» және басқа да кітаптары
оқырмандарға жақсы таныс. 

Кездесу сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде өтті. Мерейтой иесі болашақ жас мамандарға өзінің туған жері Михайлов ауылы, отбасы, ата-анасы, балалары, шығармашылығы туралы айтты. Неге журналист мамандығын таңдағанынан, кітаптарын қалай жазғанынан сыр шертті.

О.Н. Григорьева да оқырмандармен естеліктерімен бөлісіп, Юрий Дмитриевичпен қалай танысқаны жайында, Алматы қаласында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-да оқыған студенттік шақты еске алды. Содан кейін өзінің бірнеше өлеңін оқып берді.

Кітапхананың оқу залында Ю.Д.Поминовтың кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, оған шолу жасалды.

Колледж студенттері Ысқақова Нұргүл мен Болонина Алина өздерінің өлеңдерін оқып берді. Елімізге танымал қаламгер кездесуге қатысқандарға, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қолтаңбасы жазылған кітаптарын сыйға тартты. «Иртышские жемчужины» би тобы кітапхананың бүгінгі
қадірлі қонақтарына арнап би биледі. Кітапхана меңгерушісі Г.Д.Мұхтарханова кеш соңында қонақты тағы да мерейтойымен құттықтай келіп, шығармашылық табыс тіледі және ұжым атынан сыйлықты тарту етті. Барлығы 30 адам қатысты.

P80216-174141.th.jpg 1518774220942.th.jpg

Комментарии запрещены.