«Танысыңдар: Қазақстанның Қызыл кітабы» кітапханалық сабақ

2022 жылдың 22 қыркүйегінде «Самал» оңалту орталығының балалары үшін «Танысыңдар: Қазақстанның Қызыл кітабы» кітапханалық сабағы өткізілді. Кітапханашылар еліміздің жануарлары мен өсімдіктері туралы айтып, кітап көрмесінде ұсынылған кітаптарға шолу жасады, балалар «Табиғат әлемі», «Сен білесің бе?» сұрақ-жауаптарға, жұмбақтарға жауап берді.

Толығырақ

«Бір ел-бір кітап – 2022» ақпараттық сағат

2022 жылдың 22 қыркүйек күні №3 көпшілік кітапханасында республикалық «Бір ел – бір кітап » акциясының таңдауымен ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл толуына орай арналған «Бір ел-бір кітап – 2022» ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты:…

Толығырақ

«Кішкентай азаматтардың үлкен құқықтары» құқық аланы

Балалар жылы аясында №4 балалар кітапханасының кітапханашылары «Кішкентай азаматтардың үлкен құқықтары» атты құқық аланын өткізді. Шарада балалардың құқықтары туралы айтылып, түрлі құқық бұзушылық жағдайлары талқыланды.

Толығырақ

«Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» әдеби сағаты

21 қыркүйек күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және жазушы М. Әуезовтың 125 жыл толуына орай 8а сынып оқушыларына «Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» атты әдеби сағаты өткізілді.

Толығырақ

«Үздік оқырман» байқауы

21.09.2022 ж .Орталық қалалық кітапханада  «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік оқырман» байқауының  қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Байқауға қала кітапханаларына баратын және өз отбасы мүшелерін оқуға тартатын барлық оқырмандар қатысты. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады. Байқауға 7 жастан…

Толығырақ

«Шерхан-шежіре»

20 қыркүйек күні №2 балалар кітапханасының қызметкерлері №25 орта мектептің 8-сынып оқушылары үшін қазақ жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, журналист, аудармашы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шерхан-шежіре» ақпараттық күнін өткізді. Шара барысында балалар жазушының өмірбаянымен танысты. Оның редактор…

Толығырақ