«Шерхан-шежіре»

20 қыркүйек күні №2 балалар кітапханасының қызметкерлері №25 орта мектептің 8-сынып оқушылары үшін қазақ жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, журналист, аудармашы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шерхан-шежіре» ақпараттық күнін өткізді. Шара барысында балалар жазушының өмірбаянымен танысты. Оның редактор болып республикалық «Леніншіл Жас» газетінде еңбек еткен кезіне кітапханашы толығырақ тоқталды. Себебі, сол кезде газетке қызметке тартылған жас мамандар: Фариза Оңғарсынова, Оралхан Бөкей, Әбіш Кекілбаев т.б. кейін елге танымал ақын-жазушылар аталды. Шығармалары бойынша шолу жасалынды, «Ай мен Айша» романынан алғысөз-жолашары оқылды, «Шерхан-шежіре» слайд-презентациясы көрсетілді. Іс-шара соңында өз білімдерін қызықты ақпаратпен нығайтқан үшін балалар кітапханашыларға ризашылығын білдірді.

Комментарии запрещены.