«Үздік оқырман» байқауы

21.09.2022 ж .Орталық қалалық кітапханада  «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік оқырман» байқауының  қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Байқауға қала кітапханаларына баратын және өз отбасы мүшелерін оқуға тартатын барлық оқырмандар қатысты. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады. Байқауға 7 жастан 15 жасқа дейін, 16 жастан жоғары санаттағы қатысушылар қатысты. Қазақстандық авторлардың, мемлекеттік тілдегі, мерейгер-жазушылардың, жыл кітаптарының саны ескерілді. Жеңімпаздарды Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің орынбасары Айбек Тілеубекұлы Оралқанов, ақын, Павлодар қаласының құрметті азаматы,  Қазақстан  Журналистер одағының мүшесі Шолпан Байғалықызы марапаттады.

Жеңімпаздар Бердібек Жәнібекұлына, Бексұлтан Самиға велосипед сыйға берілсе, кішкентай оқырман Гайсин Игнат трюктік самокат ұтып алды. Сондай-ақ белсенділік танытқан  қатысушылар  алғыс хатпен және ынталандыру  сыйлықтарымен марапатталды.

Комментарии запрещены.