«Бір ел-бір кітап – 2022» ақпараттық сағат

2022 жылдың 22 қыркүйек күні №3 көпшілік кітапханасында республикалық «Бір ел – бір кітап » акциясының таңдауымен ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл толуына орай арналған «Бір ел-бір кітап – 2022» ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: ұлы ұстаздың туындыларын оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Ұлт ұстазына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге халқымыздың аяулы перзенті, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы, әдеби шығармалары, қанатты сөздері, қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану жайлы сыр шертетін әдебиеттер қойылды. Шарада оқушылыр «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» шығармаларын, «Қырық мысал» деген атпен басып шығарылған Крыловтан аударған өлеңдер жинағынан оқып берді.

 

 

Комментарии запрещены.