«Жан жылуын сыйлаймыз» мерекелік дастарқан

3 қазан күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында Қарттар күніне орай Ардагерлер кеңесінің қатысуымен «Жан жылуын сыйлаймыз» атты мерекелік дастарқан өткізілді. Дюсембаев Ермұхан аға мерекенің құрметті қонағы болып шақырылды.

Толығырақ

«Үлкенге мейірімділік пен құрмет» бақытты кеш

2020 ж. 3 қазан Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында карттар күніне арналған «Үлкенге мейірімділік пен құрмет» атты бақытты кеш өтті. Кеште кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, Кенжекөл ауылының зейнеткерлері қатысты. Қатысушылар кеште «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында мақала жазып, өлен шығарып өнерлерін көрсетті.

Толығырақ

«Кітапханаға кітап сыйла» Қорытынды

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясына қатысқан оқырмандарымызға алғысымызды айтамыз. Кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған бағалы бастамасын қолдаған, халықтың рухани байлығын дамыту үшін кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтырған қатысушыларға  ризашылығымызды  білдіреміз.

Толығырақ

«Жазушы және уақыт: Мұхтар Әуезовке 125 жыл»

26 қыркүйек күні Павлодар қ. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде қазақтың көрнекті жазушысы, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, әлемге танымал қазақ жерінің ұлы тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Жазушы және уақыт: Мұхтар Әуезовке 125 жыл» атты конференциясы өтті. Мектеп оқушылары «Әуезов –…

Толығырақ

«Халықтың салт-дәстүрі – ұлттық тәрбие» дәстүр сағат

28 қыркүйек күні «Ұлттық тәрбие — болашақ кепілі» жобасы аясында №2 орта мектептің 8 «В» сынып оқушыларына «Халықтың салт-дәстүрі – ұлттық тәрбие» атты дәстүр сағаты өткізілді. Іс-шараның қонақтары Әбусеиітов ат. мәдени-сауық орталығының «Сағым жылдар» ансамблінің әжелері болды. Олар балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы…

Толығырақ

«Павлодар Ертіс өңірінің әдеби мұрасы – Сүлеймен Баязитов» әдеби сағат

№2 орта мектептің 5 сынып оқушыларына «Павлодар Ертіс өңірінің әдеби мұрасы – Сүлеймен Баязитов» атты әдеби сағаты өткізілді. Сүлеймен Баязитов — журналист, ақын, жазушы, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. Сүлеймен Баязитов он үш кітаптың авторы, жазған  аңыздары, әңгімелері аудандық,…

Толығырақ