«Халықтың салт-дәстүрі – ұлттық тәрбие» дәстүр сағат

28 қыркүйек күні «Ұлттық тәрбие — болашақ кепілі» жобасы аясында №2 орта мектептің 8 «В» сынып оқушыларына «Халықтың салт-дәстүрі – ұлттық тәрбие» атты дәстүр сағаты өткізілді. Іс-шараның қонақтары Әбусеиітов ат. мәдени-сауық орталығының «Сағым жылдар» ансамблінің әжелері болды. Олар балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтып берді, «Шаш өру» дәстүрін көрсетті, жүннен иірілген жіпті қалай иіру керектігі туралы танымдық әңгіме айтып берді, ұлдар әр шаңырақта қасиетті мұра болып саналатын қамшы туралы өнегелі ақпарат алды. Әжелердің орындауында «Немерем», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты қазақ әндері шырқалды. Іс-шараға «Халықтың салт-дәстүрі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ халқының дәстүрі бойынша кітапханашылар қонақтарға шағын сыйлықтар тарту етіп, «Шашу» рәсімін өткізді.

Комментарии запрещены.