«Павлодар Ертіс өңірінің әдеби мұрасы – Сүлеймен Баязитов» әдеби сағат

№2 орта мектептің 5 сынып оқушыларына «Павлодар Ертіс өңірінің әдеби мұрасы – Сүлеймен Баязитов» атты әдеби сағаты өткізілді. Сүлеймен Баязитов — журналист, ақын, жазушы, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. Сүлеймен Баязитов он үш кітаптың авторы, жазған  аңыздары, әңгімелері аудандық, облыстық және республикалық журнал мен газеттерде жарияланды. Оқушылар ақынның «Сені жырлаймыз» өлеңін оқыды. Кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасап, балаларды С. Баязитовтың шығармаларымен және оның аудармаларымен таныстырды.

Комментарии запрещены.