«Зорлықсыз өмір – әрбір әйелдің құқығы»

24 қараша күні Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында Халықаралық әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күніне орай «Зорлықсыз өмір – әрбір әйелдің құқығы» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, әрбір адамның өмірі мен қадір-қасиетін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында қатысушыларға әйелдер құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз қоғам қалыптастыру мәселелері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Оқырмандар жағдаяттарды талқылап, сұрақтарға жауап берді.

 

Комментарии запрещены.