«Ұшқан ұя – ұлт тәрбиесінің бастауы»

«Ұшқан ұя – ұлт тәрбиесінің бастауы». «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы дөңгелек үстел. 2026 жылғы 17 қарашада №4 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 8-сынып оқушыларына арналған «Ұшқан ұя – ұлт тәрбиесінің бастауы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен танысып, «Ұшқан ұя» повесінің тәрбиелік мәні жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, туындыдағы ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және адамгершілік қасиеттер туралы пікірлерін ортаға салды. «Ұшқан ұя» шығармасының «Кітап оқитын ұлт» жобасының барлық бағыттары бойынша ұсынылған шығармалардың қатарында болуы оның тәрбиелік және рухани маңыздылығын айқындайды. Шығарма жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, ата-ананы қадірлеуге, елін сүюге және адамгершілікке тәрбиелейді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиетке құрметін қалыптастыру және Бауыржан Момышұлының өнегелі мұрасын жас ұрпаққа насихаттау.

Комментарии запрещены.