«Мамандығым – мақтанышым»

«Сенімен Болашақ» РҚБ Павлодар облыстық филиалымен бірлесіп, мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын айқындау, қызығушылықтары мен болашаққа деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Мамандығым – мақтанышым» атты кездесу өтті. Кездесу барысында Перизат Құрманәлі оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы мазмұнды дәріс оқып, болашақ кәсіби бағытты дұрыс таңдауға қатысты бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ, әр адамның өз қабілеті мен қызығушылығын танып, соған сәйкес мамандық таңдауының маңыздылығына тоқталды. Кездесу мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектесу, олардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын ескере отырып, болашаққа деген сенімін арттыру және кәсіби өзін-өзі анықтауына қолдау көрсету.

Комментарии запрещены.