2026 жылғы 24 қараша күні №4 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен 8 «А» сынып оқушыларына «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша «Тағдыр – ұрпаққа аманат» атты ақпарат күні өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен, романның мазмұны және тарихи-танымдық мәнімен танысты. Кездесу барысында шығармада көтерілген мәселелер талқыланып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық әдеби мұраны насихаттау және жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.















