«Жырымды жырмен жалғадым…»

27 қараша күні с. 14.00. – де  №2 балалар кітапханасында №25 ЖОББМ 9 «В» сыныбының оқушыларына  ақын, ҚР халық жазушысы,  мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көптеген поэтикалық шығармалардың авторы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналып «Жырымды жырмен жалғадым…» поэзия кеші өткізілді.

Оның поэзиясы-әдебиетіміздің ең шұғылалы да  көрнекті  беттері. Кеш жүргізушісі Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, оқырмандарға ақын тұлғасы жайында ой қалыптастыруға  ықпал берді. Жас оқырмандар Фаризаның жырларын оқыды. Экраннан слайдтар, бейнероликтер көрсетілді: соның ішінде халыққа кең тараған ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың «Фаризаға» әнін М. Жүнісованың орындауында берілді. Әнші Роза Әлқожаның Фариза Оңғарсыновадай қайталанбас дара тұлғаға арнаған ән-арнауы көрсетілді. Жерлес ақын, кітапхананың көп жылдық досы Жүсіпова Сайрангүл ақынға арнаған өлеңін оқып берді. Кеш барысында «Жырдан тапқан арманы мен мұратын…» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.