«Біздің Президентіміз»

Қарашаның 28 күні  №93 бала бақшасының музыка залында ҚР Тұңғыш Президнеті Күніне арналған  «Біздің Президентіміз» атты ертеңгілік өтті. №4 б/к кітапханашылары осы іс-шараға қатысты.  Іс-шараның мақсаты: балаларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні  мерекесімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмірбаянымен таныстыру, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

№93 бала бақшасының жүргізуші-тәрбиешілері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Біздің Президент» атты ертеңгілін құттықтау сөздерімен ашты. Барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының әнұранын орындады.

№4 балалар кітапханасының кітапханашылары балаларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы кітап көрмесін ұйымдастырып шолу өткізді, «Менің Қазақстаным» атты  виртуалдық  викторинасын дайындады. Кітапханашылар сұрақ қойды, ал балалар теледидар экранына қарап сурет арқылы дұрыс жауаптарды  таңдады. Барлық сұрақтарға  олар дұрыс жауап берді. Даярлық топ балалары қазақ және орыс тілдерінде Тұңғыш Президент туралы, Отан туралы, халықтардың татулығы туралы тақпақтар айтты, Қазақстан,Отан туралы әндер шырқады,  «Бәйтерек» ойынын ойнады, қазақ ұлттық киімін киіп батырлар биін биледі. Залда мерекелік атмосфера орналды және сахнаға шыққан балалардың сыңғырлаған дауыстары естіліп жатты.

Іс-шара барлықтарына ұнады. Естелік ретінде  барлығымыз  суретке түстік. 50 бала қатысты

Комментарии запрещены.