«Заман талабының көшбасшысы»

Беделді пікір «Заман талабының көшбасшысы» —    27 қараша күні сағ.16.00 де Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің Павлодар қаласындағы филиалында ҚР Тұңғыш президент күніне орай «Заман талабының көшбасшысы» атты шара болып өтті. Шараны орыс және қазақ тілдерінде №10 кітапхананың қызметкерлері Р.Займолда мен А.Жармағанбетова жүргізді.

Іс шарамыз ҚР әнұранын орындаумен басталды. Отан қорғаушыларымызды  алдағы мерекелермен құттықтап өттік. Сарбаздардың жаңа құрамы үшін кітапханамыздың «Кітапхана аумағын кеңейтеді» жобасы бойынша таныстырып өтіп, соңғы жылдары мемлекеттік мерекелерді өткізіп, кітапхана қорынан шараға сай әдебиеттермен таныстырып көптеген «с шаралар өткізіп жүргенімізді айтып өттік.

Шара басында жүргізушілер ҚР Тұңғыш президент күні қашаннан бастап тойлана бастағанын, еліміздің егемендік жолында жеткен жетістіктер мен қиыншылықтарының барлығында халқымен бірге болып көш бастады. Президенттік статусына ие болғаннан бастап Қазақстанды әлемнің дамыған мемлекеттер қатарынан көру үшін, олармен терезелері тең тұру мақсатында ерен еңбегін сіңірді. Ел басқару кезінде тың жобаларымен, көрегендігімен, бейбітшілік орнату барысында нақты қадамдар жасағаны жайында қысқаша мәліметтер айтылып өтті. Берілген мәліметтерді толықтыру мақсатында «Елбасы жолы» атты бейнефильм көрсетіліп өтті. Сарбаздар әсіресе қарулы күштен бас тартқан кезді өзара талқылап өтті. Одан кейін назарларына «Желтоқсан Тұңғыш президент күні» атты бейнефильм ұсынды. Бейнефильм барысында басқа елдердің президенттері Елбасы жайында өз көзқарастары айтылды, яғни шарамыздың формасын «беделді пікір» аша түсті. Кітапханашылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаламен таныстырып өтті. Себебі бұл жоба Елбасының бастауымен қолға алынған өте тиімді жобаларының бірі еді. Әр бөліктеріне кеңірек тоқталып, еліміздің бренттеріне тоқталып өтті. Әсіресе халқымыздың атқа міну мәдениетіне назар көп аударылды.

Жүргізушілер арнайы дайындалған сұрақтар арқылы викторина өткізді. Викторина сұрақтары Елбасының өмір жолы мен еліміздегі болып өткен халықаралық шаралар жайында болды. Барлығы дерлік жауап беріп белсене қатысып отырды. Мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында еліміздің екінші «гимне» айналған «Атамекен» әнін барлығы қосылып шырқады. Патриоттық әндерді құлшына орындаған әскерлер шара соңына дейінде бірнеше қайталап әндетті. Қатал тәртіппен, тәрбиеге бейімделген біздің отан қорғаушыларымыз біраз уақытқа болса да рухани демалғандарын айтып алғыстарын білдірді.  Мекеменің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары полковник Ғ.Шәмшиев кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Шараға сай қойылған әдебиеттермен танысып, қосымша сұрақтар қойып әдебиетке деген қызығушылықтарын көрсетті. Кітапхана қорынан алынған әдебиеттермен танысып, естелік суреттерге түсумен шара аяқталды.

Комментарии запрещены.