«Президент болу оңай ма»

27 қарашада М.Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының коворкингінде № 85 балабақшаның мектепалды тобының балаларына Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті күніне арналған «Президент болу оңай ма» тарихи серуені өткізілді. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың азаматтық және патриоттық негіздерін қалыптастыру.

Балаларды «Атамекен» әні мен «Елбасы Н.Назарбаев» кітап көрмесі қарсы алды. Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина балалардың Елбасы және Ұлт көшбасшысы кім, деген сұрақтардың жауаптарын өз ойлары бойынша бөлісулерін сұрады; Оның қандай өкілеттіліктері бары; Елбасының аты-жөні мен мемлекет басшысының қандай қасиеттері болуы тиіс екендігі. Оның әділ, адал, мейірімді, еңбекқор, ақылды, барлық құқықтар мен заңдарды, ережелер мен нормаларды білетін және де өз Отанын сүйетін адам болуы керек деп балалар сеніммен жауап берді.

Содан кейін балабақша тәрбиеленушілері «Президентке арналған өлеңдер» поэтикалық композицияларында Н.Ә. Назарбаевқа және оның туған жеріне арналған жырларды оқыды; олар ересектерсіз қалай өмір сүретіндерін елестетіп, «Бір мемлекетте» әңгімесін тыңдады; олар «Егер мен Президент болсам» рөлдік ойынына қатысты.

Әрі қарай бағдарламада: «Бәйге» сайысы; «Менің елімнің Президенті» блиц-турнирі және жеңімпаздарға сыйлықтар табыстау; «Алдар Көсені алдамақшы болған, ақымақ» қуыршақ қойылымы. «Елбасы», «Туған жерім», «Город мой», «Любимый Казахстан» – әндері шараны әдемі жалғастырды. Қатысушылар саны – 45 адам.

Комментарии запрещены.