«Әлемдік тұлға» саяси сағаты

26 қарашада № 3 балалар кітапханасының оқу залында 3 «г» сыныбының 28 оқушыларына, 27 қарашада № 21 ЖОББМ 7 «г» сыныптың 22 оқушыларына «Әлемдік тұлға» саяси сағаты өткізілді. Мақсаты: Н.Ә.назарбаевтың өмірбаянымен таныстыру.

Шараны жүргізуші Жакиянова Р.Ж.. қысқаша библиографиялық анықтамамен ашты. Ол ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяның айтты. Балалар Елбасының мектептегі жылдары мен оның кәсіби оқуы жайлы білді. Н. Ә. Назарбаев туралы әлемдік саясаткерлерлің айтқан пікірлері оқылды. Кітапханашының әңгіме барысында слайд-презентация көрсетілді. Оқушылар Н.Назарбаевтың ең сүйікті әнін тыңдады. «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсетілді. Ары қарай шараны қатысушылар жалғастырды. Олар Президент туралы өлеңдерің оқыды. Шара Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары мен ол туралы жазған кітаптарына шолумен аяқталды.

Комментарии запрещены.