ЖОББМ №30 мектеп оқушыларына Сәттіғүл Жанғабыловтың «Жыр мұрасы – ұрпаққа аманат» атты ақпарат сағаты өтті. Білім ордамызда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Сәттіғүл Жанғабыловтың шығармашылығын насихаттауға арналған «Жыр мұрасы – ұрпаққа аманат» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды ақын мұрасымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту. Ақпарат сағаты барысында қатысушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, Сәттіғүл Жанғабыловтың өлеңдері оқылып, оның поэзиясындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен патриоттық тақырыптар кеңінен талқыланды. Іс-шара аясында кітапханашы ақын шығармаларынан үзінділер оқып, оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көркем сөз оқу арқылы олар қазақ поэзиясының тереңдігін сезініп, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды. Осындай тағылымды шаралар жас буынның рухани-адамгершілік тәрбиесіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз.















