7 сәуір күні №4 көпшілік кітапханасында қазақтың көрнекті әншісі, композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтың 100 жылдығына орай «Киелі жердің киелі әншісі» атты танымдық сағат өтті. Шара барысында өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, қазақ музыкасына қосқан үлесі насихатталды. Қатысушыларға викториналық сұрақтар қойылып, белсенді оқырмандар марапатталды. Сонымен қатар, кітап көрмесіне шолу жасалды. Кездесу әсерлі өтіп, оқырмандарға ерекше әсер қалдырды.

















